• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:50:43
Алматы
+35°

22 Қараша, 2018 Әлеумет

Сәл кідіріп, бері қараңызшы!

Шынайы, қарапайым, адал жандар неге ескерусіз қалып барады?

Бүгінгі қоғамның адамдарын түсініп ұғыну қиынға соғып барады. Олардың осылай бет бұрғанына өзіміз кінәлі шығармыз? Себебі, қазіргі уақытта баршаңызға мәлім теледидар тәрбие құралына айналып кеткені рас. Одан қала берді интернет те қалыс қалмай жамандығын жариялаудан алдыңғы орында. Қаймағы бұзылмаған қазақ неге осыншалық күйге түсті. Уақыт ағымына қарай солай деп жылы жауып қоя салуымызға болмайды. Шынайы, қарапайым, адал жандар неге ескерусіз қалып барады? Ештен кеш жақсы дейді қазақ. Ең алдымен БАҚ саласынан бастауымыз керек. Бұларды түземей адамдарды түзеймін деп ойлаудың да қажеті жоқ. Мен мектеп оқып жүргенде теледидарды түрік пен индияның кинолары қаптады. Ол кезде біз жай ғана оқушы едік. Ал, соны көріп өстік, бүгінгі менің қатарластарым қандай? Оған көз көріп өздеріңіз куә болып жүрсіздер. Жеке басым бала жастан теледидарға құмартқан емеспін, кітаппен өстім десем, өтірік айтып тұрғаным жоқ. Бүгінгі БАҚ саласы адамдарды өмірге талпындыратын, жақсы бағытта, алға қойған мақсатынан таймайтын, қыздың қыз, жігіттің жігіттігін насихаттайын жобалар дайындау соншалық қиын емес деп санаймын. Қылтың-сылтыңы көп арзан күлкімен бітіретін бағдарламалар өте көп, одан қалса тәрбиесі жоқ фильмдерді халыққа қалай ұсына салады екен? Бұларды бір жүйемен реттемесек, елдің есін жинай алмай қалатынымыз анық. Қоғам сондай, бүгінгінің киносы деген сөздер мен істерді жаппай тоқтатуымыз қажет! Ендігі мәселе – ақпарат тарату ісі. Жаңалықтарды қосып қалсаң, орысша айтқанда жатқан «негатив» басың ауырып отыратыны анық. Бала зорланды, анау жоқ, мынау жоқ деп жиі айтылады. Дұрыс шығар, айтқан да бірақ халықтың психологиясымен санасу керекпіз ғой. Кредит алып миы ашып жүрген адамдар үшін бұл қай үлгі деп санаймыз? Бүгінгі заман нарық заманы. Қаржылық сауаттылықты басқару, өзін-өзі басқару сынды жобаларға көп уақыт бөлу керекпіз. Руханиятты бірінші орынға қойып, жанашырлық пен адамгершілік, қарапайымдылық қағидаттарын ескере отырып жұмыс жасау маңызды орын алатынын есте ұстау ләзім. Интернет желісінде жарнаманың дұрыс жасалынуы жарнама деген осы екен деп жалаңаш қыздар мен жыныстық қатынасты ашық көрсетуге қатаң тыйым салыну керек. Интернетпен тығыз жұмыс жасап отырғаныма жарты жылдай уақыт болды осындай көріністер адамның берекесін қашырып жіберетіні анық, сондай дүниелерден бас ала алмай қаласың. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі айқай-шу, бейпіл сөздер, мәдениеттілік бұл дүниеде бар екенін ескерсек, бұларға да қатаң тыйым қажет. Ол да бір виртуалды қоғамдық орта деп саналуы тиіс. Көз жүгірте қарап отырсам, кедейдің кедей болғанына да, кредит алғанына да, өмірде жолы болмай қалғанына да келеңсіздіктің барлығына Елбасыны кінәлі деп санайтындар басым көрінеді. Бұл не масқара?! Бүгінгі қоғам жаңару деп аталады. Яғни, жаңарған қоғам. Адамдар өз-өзіне қызмет жасай отырып, саналы түрде даму. Біреуге тәуелді болмау. Еңбек қоғамы өзіне жұмыс жасай отырып, қоғамға елеулі үлес қосу. Мұны біз қалайша бір сәт кідіре отырып ойланбаймыз? Біз осылай кете берсек, жақсы болмасымыз анық. Бүгіннен бастап қолға алып, тәрбие мен руханиятқа баса назар аударайық.

Сонымен қатар, елдің екі жақты бөлініп, ДВК-ны жақтап, жан ұшыра қарсыласуы да жақсы емес. «Ұлтты жойғың келсе, екіге бөл»,- деген екен. Бұл қазақты құртудың заманауи айласы іспеттес. Сталин қазақты қалай құртсам дегенде оларды бір-біріне қарсы қой депті. Солтүстікті сол үшін орыстандырып, Оңтүстікті қазақшалап сақтаған деседі. Деректің қаншалықты рас екені анықталмаса да, шындыққа жанасатын секілді. Көбіне «ниетіне қарай - ісі» деген сөз шындық. Жүрек тазалығы қандай болса, өмір жолы тірлігі сондай деген сөз. Біз өткенге көп қарап, өткенді көп ойлайтын болып алдық. Өткеннің тек жақсылығын теріп қана жаңашылдықты қабылдау маңызды. Біздің халық пейілі кең, ешкімге жамандық тілемеді. Рухы мықты болды. Қай уақытта өмір сүрсек те, осы қалпымызды сақтау қажет!

Бай болып тасығандар келіншек ауыстырып әлек. Пайғамбарымыз 4 әйел алған деп алға тартады, ол махаббат немесе көрсеқызарлық үшін алған жоқ қой. Әйелге жанашырлық, қамқорлық көрсету үшін ғана алған. Алайда оған тиіспеген деседі. Ал, бізде сәнге айналды. Алмасын демейміз, бірақ әр нәрсенің жөні болу керек қой, үлгі болар іспен айналысқан дұрыс. Әншілер жалпы өнер адамдарының сүйсінер қылығы қашты. Оны барша жұрт көріп отыр. Байлыққа құныққаны соншалық, шет елде итке тұрмыс құрып отырғандар да жетерлік. Осы секілді ақпараттар берер алдын ұлттық менталитте жоқ екенін және бізде олай жасағысы келсе де жасай алмайтындай психологиялық шектеумен жариялау керек деп санаймын.

Біз қанша өзге ұлтқа еліктегенмен, қазақ болып қалатынымызды ұмытпауымыз керек. Себебі, солай туғанбыз. Сен өзге ұлттың адамы болғың келсе де бола алмайсың, түрің қазақ, ісің дүбәра біреу боласың. Қоғамда ондай адамдар жоқ емес.

Бүгінгі уақытта күн көріс үшін емес, елге қызмет ету арқылы шыңдалатынымызды ұғынуымыз керек, ол қоғамдық орта. Алдымен елге пайдалы іс өндірсек қана ол өнімнің өтуі арқылы табыс таба аласың дегендей. Бір күндік болғың келсе, бәрін уақытша, тек қаражат үшін жасай бер. Уақыт өте ешкім жоламайтын болады.

Тамыры терең мәдениетімізді кеңінен насихаттап, болашақтың санасына құйып өсіруіміз керек. Тіпті, театр мен мұражайға бару танымды арттыру сынды істі арнайы мектеп бағдарламасына енгізіп осы бойынша да жұмыс жасау өте маңызды.

 Жадыра Мұсабай

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір