• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:40:11
Алматы
+35°

23 Қараша, 2018 Дін

Нео-христиандардың "жұмсақ экстремизмі" қазақтарды жаулап жатыр

Мәселен, орталық Қазақстан аумағында нео-христиандық 71 бірлестік пен филиал тіркелген.

Қазіргі қоғамда деструктивті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Мұндай экстремистік топтар тарапынан кең көлемде жүргізіліп жатқан насихат жұмыстарының мақсаты бір. Ол  – әрбір шаңырақтың шырқын бұзып, көңілге өшпенділік отын жағып, алауыздық тудырып және қоғамдағы ауызбіршілікті жою. Міне, сол арқылы тұтастай бір мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiре отырып, елдің конституциялық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу. Осы орайда деструктивті діни ағымдар өкілдері өз көздеген мақсаттарына жету барысында түрлі айла-амалдарға барады.

Бүгінгі қоғам терроризм мен экстремизмді тек мұсылман мемлекеттерімен байланыстырып жатады. Яғни, адамдардың санасындағы террористтің бейнесі – міндетті түрде ислам атын жамылған діни қозғалыстар мен ұйымдарың өкілдері, яғни қауға сақалды, қара жамылып, бет ауызын бүркеген жан болуы мүмкін. Мұндай сырт пішіндегі адамды қоғамдық орындарда кездестіріп қалып жатсақ, өзге түгіл өзіміз де үрке қарайтынымыз да жасырын емес. Алайда, бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған, дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына жататын нео -христиандық бірлестік жайында, мәселен олар өз өздерімен автономды жүйелер секілді өмір сүруде. Аталған нео-христиандық бірлестіктердің қатарына «Иегова куәгерлері», «Жаңа өмір», «Грейс» сынды дәстүрлі емес діни ағымдар жатады. Бұл бірлестік өзіне сенушілердің қатарын арттыру жолында түрлі айла-амалдарға барып, насихат жұмыстарын үсті-үстіне үдетіп жатыр.

Мәселен, жақында ғана болған алматылық таксист жайлы оқиға, көлігіне отырған адамдарға діни уағыздар айтып, «құдайға сенесіз бе?» деп сұрақтардың астына алып жүрген. Нео-христиандық экстремистік топтардың ерекшелігі арбау әдістерінің өте жетілдірілген түрлерімен ерекшелетінінде, яғни өзінің болашақ құрбанын нақты, қандай әлеуметтік топқа жататындығын, қандай көңіл-күйде жүрген адам екенін зерттеп, зерделеп алып барып жұмыс жүргізетініндігінде. Мәселен, идеологиялық манипуляциялар жастарға бөлек, мемлекеттік қызметкерлерге бөлек, қарапайым жұмысшы мен зейнеткер мен үйде отырған келіншектерге бөлек деген сықылды. 

Нео-христиандық деструктивті қозғалыстарының қоғам санасын улаушы осындай іс-әрекеттерін «Жұмсақ экстремизм»  деп атауға болады. Сонымен қатар, бұл адам психологиясын зерттеп қана қоймай, халықтың саяси-экономикалық ахуалын да алдын ала зерделейді. Осы арқылы қоғамның қажеттілігіне қарай әрекет етеді. Алғашында қаржыға мұқтаж адамға тиісінше көмектесіп, кейін өз айла-амалдарын сол адам арқылы жүзеге асырады. Әлгі адамның айналасындағы жандардың да санасын улап, алғашқы «жәрдемақы» ретінде сый-сияпат жасайды. Уақыт өте жат ағымның жетегінде кеткенін түсінген ол тығырықтан шығар жолдың амалын таппай, адасып жатады. Міне, осыдан келіп, шаңырақ шайқалады, бүтін бір қоғам құриды. Дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына алданып қалмас үшін елімізде де алдын алу шаралары мен халықты толыққанды ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы рас. Өкінішке қарай, жат ағамның жетегінде кетіп, бастарын сан соғып қалған жандар арамызда аз емес. 

Мәселен, орталық Қазақстан аумағында нео-христиандық 71 бірлестік пен филиал тіркелген. Олардың қатарында 22 пресвитериан, 34 пятидесятникалық шіркеу бар. Қолда бар сенімді дерек көздеріне сүйенсек, күні бүгінге дейін «Жаңа өмір» жат ағымының қатарына қосылған қазақ жастарының саны 15% - ға артса«Грейске» сенушілердің ортақ есебі 25% құраған, ал «Иегова куәгерлері» ә дегеннен 40 %-ға артқан. Айтпағымыз, аты аталған дәстүрлі емес діни ағымдардың қатары қазақ жастарымен жыл санап артып келеді деген сөз. Атаған дәстүрлі емес діни ағымдар насихат жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік желілерден бөлек, дәстүрлі ақпарат көздерін яғни баспасөз беттерін пайдаланады.

Мысалы, «Агапе» пятидесятник шіркеуі «У истока» газетін шығарса, новоапостол шіркеуі «Наша новоапостолькая семья» деп аталатын газетті таратуда. Мұнымен қоса өздерін «Иегова куәгерлері» дейтін тағы бір бірлестік насихат құралы ретінде «Пробудись» және «Сторожевая башня» деп аталатын қос бірдей журнал шығарып, таратады. Бұл газет-журналдарды оқи отырып, террорлық және лаңкестік сипаттағы түрлі журналистік жанрда талдамасыз жазылған мақалаларды көзіңіз шалады. Тиісінше бұл басылым беттері оқырман аудиториясына тегін әрі тез таралады. Нео-христиандық бағыттағы діни ұйымдардың барлығына дерлік тән алдап арбаудың әдістеріне тоқталып кетер болсақ:            

  1. Ең бір маңызды әдіс-айлаға нақты бағыт-бағдарды ұстанған манипуляциялық тетіктерді айтуға болады, мәселен этникалық, әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты таңдалған аудиториямен (қазақтар, жастар, әйелдер, зейнеткерлер) арнайы арбау жұмыстары;
  2. Адамдарды деструктивті бағытқа тартудағы олардың эмоциялық көңіл-күйлеріне әсер ететін жұмыс формалары, мәселен оларға қайырымдылық іс-шаралары, кедей немесе ауру, жағдайы төмен отбасыларға арналған көмектер;
  3. Қағаз баспа құралары арқылы өте белсенді жұмыстар жүргізу, газеттер, брошюралар тарату. Және де әрбір келуші адамға бұл баспа беттерінде жариялануға мүмкіндік беру;
  4. Арнайы ұйымдастырылмаған аудитория болмаса да, қандай да болмасын мүмкіндікті пайдаланып өздерінің діни идеясын тарату, презентациялау, бұл жағдайларға көптеп кездесетін «уағызшы такситтерді» жатқызуға болады;
  5. Негізінде нео-христиандық бағыттағы дін қозғалыстар өздерін мемлекетке қарсы қоймаса да, алайда өздерінің ұстанымдары арқылы мемлекеттік институттар мен кей қоғамдық құрылымдардың лигитимділігне шек келтіру арқылы келушілердің санасында «қарсылық» пен «қақтығыстық» тетіктерін қалыптастырды;

 

Байжол Ысқақұлы Кәріпбаев

Философия ғылымдарының докторы, профессор

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір