• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:20:04
+35°

26 Қараша, 2018 Саясат

24 мемлекет Украинадағы Голодоморды «геноцид» деп таныды

2016 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқының геноцид ретінде тану туралы өтінішпен демократиялық мемлекеттерге жүгінді.

Бүгін Украина Голодомордың 85 жылдығын атап өтуде. Бұл күн сондай-ақ шындықтың көзіне тіке қарауға түрткі болды: 1932-1933 жж. Украинада болған ашаршылық Қазақстанда сияқты қолдан жасалған зұлымдылық. «Украинаны сақтап қалу үшін біз Украинада коммунистік режимінің жасаған ауыр қылмыстарын әрқашан есте ұстауымыз керек», - деді Порошенко.

Өркениетті әлем шындықтың жария болуы мен тоталитарлық режимнің қылмыстары тарихи-құқықтық бағаға ие болуы үшін барлық мүмкіндікті жасады.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Украинадағы Голодомордың 85 жылдығына орай жасалған мәлімдемесінде 1932-1933 жылдарда Украинадағы/Қазақстандағы жасанды ашаршылық ХХ ғасырдың ең ауыр қылмыстарының бірі болды дегенді растайтын деректер көп.

Голодомордың 85 жылдығына орай миллиондаған кінәсіз украиндықтар Сталиннің тоталитарлық режимінің кесірінен аштықтың азабын тартты.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, бүгінгі күні украиндықтар өздерінің жеке басын және Украина халқының Батысқа ұмтылысын жоюға тырысқан жүйенің нәтижесінде қаза тапты. «Украинаның шығысында жалғасқан ресейлік агрессия 10 мыңнан астам адамның өліміне әкеп соқтырды, дегенмен украиндықтардың жарқын болашаққа ұмтылуына кедергі келтіре алмайды. Ресей украин халқының рухын жеңе алмайды», - делінген АҚШ-тың мемдепартаментінің құжатында.

Америка Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын және украиндықтардың өз курстарын таңдау құқығын қолдайтынын растап отыр.

2016 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқына қарсы жасалған геноцид ретінде тану туралы өтінішпен демократиялық мемлекеттерге жүгінді. Украинаның Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтында хабарланғандай, бүгінгі күні 24 мемлекет Украинадағы Голодоморды «геноцид» деп таныды.

 

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір