• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:05:30
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018 Спорт

Хабиб Нұрмағамедов неден қорқады?

Ресейлік чемпион Хабиб Нұрмағамедов «Олимпийский» аренасына жиналған жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді.

Ресейлік чемпион Хабиб Нұрмағамедов «Олимпийский» аренасына жиналған жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алды. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы өзінің балалық шағы туралы айтты.

«Мен жасыл кілемде күресуге кішентай кезімнен машықтанғанмын. Менің әкем үйде спортзал салған. Мен бос уақытымның барлығын сол жерде өткізетінмін. Мен өзімнің болашағымды спортпен ғана елестететінмін. Себебі мен әкемнің тәрбиесін көріп өстім. Сен ешқашан шылым шегіп тұрып, ішімдік ішіп тұрып немесе үйде бос жатып алып балаңа спортзалға бар, чемпион бол деп айтуға хақың жоқ. Өзің өз ұлыңа үлгі беруің керек. Менің басқа балаларға қарағанда жолым болды. Мен кез келген жағдайда, кез келген бастамада әкемнен үлгі алатынмын», деп сөз басталды Хабиб.  Сонымен бірге ол қазіргі жастардың негізгі проблемасы туралы да айтып өтті.

«Қазіргі кезде жастардың ең үлкен қателігіне себеп болатын дүние – бос уақыт.  Балаларда ешқашан бос уақыт деген болмауы керек. Мен сабақтан кейін бос уақытым болып қалса, әкем үнемі бір жұмыс тауып беретін. Басқа пайдалы жұмыстарды жасауды міндеттеп, тіпті мәжбүрлейтін. Мәжбүрлегені дұрыс болды. Себебі 17 жасқа келген жеткіншек чемпион болуды армандайды, спортзалда жаттығады. Алайда кей кезде басқа да балалар секілді қыдырып, бұзықтық жасағысы келіп тұратын сәттер де болады ғой. Сол кезде әкем мені бақылауда ұстады. Онсыз мен мұндай жетістікке жете алмас та едім. Егер бір мақсат қойсаң 100 пайыз назарыңынды сол мақсатқа аударуың қажет», дейді Хабиб Нұрмағамедов.

Нұрмағамедов өзінің кәсіби мансабында ешқашан жеңіліп көрмеген. Алайда чемпион өзінде қорқыныш сезімі болатынын жасырмады.

«Құдай бізді қорқыныш сезімімен бірге жаратты. Сол себепті қорқыныш мен де бар. Оны жасырмаймын. Бірақ, сол қорқынышты жеңе білген адам ғана мықты болады. Егер қорқыныш сезімі қарсы келсе сен оның дегеніне көнесің немесе оны жеңесің. Таңдау өз еркіңде. Спортта да жетістікке жетудің сыры да осы болып саналады. Әркімде әртүрлі қорқыныш болады. Біреулер ақшасын жоғалтудан, денсаулығынан айырылудан қорқады. Мен спорт үшін өз денсаулығымды құрбан еткім келмеген. Алайда құрбан еттім. Себебі неше түрлі жарақаттар, операциялар болды. 2015 жылы үшінші операция кезінде мен әкеме « Мүмкін бұл Құдайдың бізге тоқтат деген белгісі болар?», - дедім. Ал әкем болса «сынақ адамға бас тартпау үшін, берілмей, алға жылжу үшін беріледі. Тұр да жұмысқа кіріс» деп жауап берді.

Еске салсақ, UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов өзінің «Khabibtime» автобиографиялық кітабының таныстырылымын өткізді. Автобиографиялық кітап 10 желтоқсаннан бастап оқырман назарына ұсынылады.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір