• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:04:23
Алматы
+35°

29 Қараша, 2018 Саясат

Азаматтық форумда Назарбаев айтқан 19 ой

Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсерімізбен қысқаша бөліскенді жөн көріп отырмын.

Кеше, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысқанын еліміздің барлық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жедел түрде хабарлап, жазып жатыр.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуінде біз де болдық.

Осы орайда, Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсерімізбен қысқаша бөліскенді жөн көріп отырмын.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық қоғам белсенділерімен арнайы кездесуі кезінде айтқан сөздерінің менің өз басыма айрықша ұнаған тұстары мыналар:

- Халқымыздың бірлігін нығайту және елімізді орнықты дамыту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнату аса маңызды;

- Осы форум үкіметтік емес секторға тың серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына жол ашуға тиіс;

- Елбасымыз әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру ісімен айналысып жатқан үкіметтік емес ұйымдарға өзінің ризашылық білдірді;

- Мемлекет басшысы үкіметтік емес секторды әлеуметтік саясаттың басты бағыттарына тарту керектігін айтты;

- Елбасымыз Үкіметке үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру ісінің ашық жүргізілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды міндеттеді;

- Президентіміз осы бағытта Үкіметке цифрландыру үдерісінің аясында Үкіметтік емес ұйымдарды тексерудің бірыңғай электронды реестрін жасауды тапсырды;

- Бірыңғай электронды реестрде үкіметтік емес ұйымдар өз еркімен тіркеліп, тиісті материалдарын орналастыра алады;

- Бұл бірыңғай электронды реестр үкіметтік емес ұйымдардың рейтингін қалыптастырып, олардың қаржыландыру көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

- Елбасымыз азаматтық бақылау жүргізудің тиімді тетігін құру қажет екенін айтты;

- Президентіміз үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді беру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастырған жөн деді;

- Елбасымыз үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді беру бағытының аясында экология, әлеуметтік жұмыс, балалардың құқығын қорғау және басқа да салалар бойынша жобалар жүзеге асырылуы мүмкін екенін жеткізді;

- Мемлекет басшысы Үкімет пен Қоғамдық даму министрлігіне барлық айтылған ұсыныстарды мұқият зерттеп, оның іс жүзінде жүзеге асырылуын қарастыруды ұсынды;

- Елбасымыз мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау үдерісіне және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге үкіметтік емес ұйымдардың белсенді атсалысуы керек екенін ерекше атап көрсетті;

- Елбасымыз Үкіметке Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды;

- Қазақстан Президенті жастар саясатын іске асыру ісінде үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту қажеттігін айтып, 2019 жылдың Жастар жылы деп жарияланғанын ескеретін болсақ, бұл мәселе өте маңызды деді;

- Нұрсұлтан Назарбаев еріктілер қозғалысына қолдау көрсету бағдарламасын кеңейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды;

- Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жүзеге асырып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақалада белгіленген басымдықтар аясында атқарылатын жұмыстарға, мұнда көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асыру үдерісіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажеттігін айтты;

- Елбасымыз қалалардың, аудандардың әкімдеріне цифрлық технологияны қолдана отырып, бір терезе қағидаты бойынша халыққа кедергісіз ашық кеңістік қызметін ұсыну жүйесін енгізу міндетін жүктеді;

- Қазақстан Президенті Үкіметке Азаматтық форум барысында айтылған ұсыныстар негізінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және онда барлық мүдделі мемлекеттік органдарды қамту керектігін тапсырды.

Иә, Елбасымыздың азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген осынау арнайы кездесуіндегі өзімізге ерекше әсер еткен және бізді айрықша жігерлендірген сөздерін қысқаша түйіндесек, міне, осындай.

Президентімізбен өткен жылы шырайлы бұл кездесуден Елбасымыздың кейбір министрліктер мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер онша ұната қоймайтын азаматтық қоғам белсенділеріне деген ілтипат-құрметі мен сенімі айқын аңғарылып тұрды.

Мемлекетіміздің басшысы мінбеге шығып сөйлеген үкіметтік емес ұйымдардың әрбір мүшесінің айтқан сөздерін өте мұқият тыңдап, өзі маңызды деп санаған тұстарын қағазға жазып алып отырды.

Елбасымызбен кездесуге келген азаматтық қоғам белсенділерінің әрқайсысына ол өзінің әкелік мейірімін төгіп, нұрлы дидарымен шуақ сыйлап отырғанын осынау жүздесуге қатысқан үкіметтік емес ұйымдар басшыларының барлығы айрықша сезінді десек, артық айтқанымыз емес.

Міне, Елбасымыз үкіметтік емес ұйымдарға өзінің үлкен сенімін көрсетіп, құрметін білдіріп отыр!

Енді Үкімет пен жергілікті жерлердегі билік, яғни облыстардың, аудандар мен қалалардың әкімдері де Президентімізден үлгі-өнеге алып, азаматтық қоғам белсенділерін кеуделерінен итеріп, сыртқа теппей, керісінше, жақын тартып, бірге жұмыс істеуі тиіс.

Сөзімізді түйіндесек, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен өзіміз қатысқан Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген осынау арнайы кездесуінен алған әсеріміз, қысқаша айтсақ, осындай.

 

Мырзантай Қожабайұлы Жақып,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір