• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:47:23
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018 Әлеумет

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы рекордтық деңгейге жетті

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы рекордтық деңгейге жетті

 

 


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Айта кетейік, Президенттің бастамалары ақтөбеліктерден кең қолдау тапты, сондықтан  мемлекет басшысының теңдессіз бағдарламасын жүзеге асыруда облыс Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кірісті.

  • Бізде тұрғын үй секторын дамытудың мықты іргетасы қаланған. 2017 жылдың өзінде 792 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 24 мың ақтөбелікті баспанамен қамту үшін кем дегенде 900 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен өңірдегі тұрғын үй құрылысының рекордтық көлемі артып, алғашқы жарна 20 пайыздан 10 пайызға төмендетілді, - деді облыс басшысы.

Салық ауыртпалығын төмендету есебінен 90 мың ақтөбеліктің жалақысы 9%-ке артады. 2800 орынға арналған кемінде 8 заманауи жатақхана құрылысын салу жоспарланып отыр, қосымша 2 мыңнан астам грант бөлінді.

Сондай-ақ мыңдаған ақтөбеліктің шағын несиелеу қызметтерін пайдалана отырып өз ісін бастауға мүмкіндігі бар. Осы мақсаттарға қосымша 2 млрд. теңге бөлінді. Жалпы алғанда, облыста шағын несиелеуге 4,9 млрд. теңге қарастырылған, ал қаражаттың басым бөлігі негізінен ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталатын болады. Облыстағы елді мекендерді газдандыру үшін 22 жаңа жобаны іске асыру табиғи газбен жабдықтау деңгейін 88-ден 89 пайызға дейін жеткізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір