• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

04 Шілде, 03:37:23
Алматы
+23°

30 Қараша, 2018 Саясат

Аргентинадағы саммитте Трамп Путинмен кездесуден бас тартты

Бүгінде Украина соғыс құқығы мүмкіндігін қарастыруда.

25 қарашада таңғы сағат 7-де «Бердянск» және «Никополь» атты екі кішігірім украиналық әскери қатерлер, сондай-ақ, «Яна Капа» кеме-түтікше Одессадан Мариопольге көше бастады. Керчь бұғазында украиналық кемелерді ресейлік шекара кемелері қарсы алды. Кенеттен ресейлік кемелердің бірі украиналық кемеге жақындап, оған зақым келтіреді.

Сипатталған оқиғалардан бір сағат өткен соң, Керчь тасымал аймағындағы барлық кемелердің қозғалысы тоқтатылады, орыс шекарашылары жүк кемесін алып, жолды жауып тастайды. 25 қарашада сағат 18-де Керчь көпірінің аймағына сегіз ресейлік кеме, Қара теңіз флотының екі кемелері және ФСБ шекара қызметінің алты кемелері келеді.

Сағат 19-да украиналық кемелердің бір тобы Керчь бұғазынан кетіп бара жатқанда, ресейлік кемелер оларға ультиматум қояды,  украин кемелеріне тоқтауды талап етеді. Сағат 20.33-те ФСБ қайықтары украиналық кемелерге оқ атады. Шабуылдың салдарынан 6 украиналық матрос жарақаттанды, екеуі ауыр жағдайға ұшырады.

Кейінірек ФСБ үш украиналық кемелерді тұтқындағанын растады. 22 сағат 18 минутта Украина Әскери-теңіз күштерінің барлық құрамы әскери хабарлама жіберіледі және Украинаның Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі мен Президенттің жарлығымен Украина соғыс жағдайына әзірленеді. Украинаның Жоғарғы Радасын қарашаның 26-сында осы заңды күшіне енгізу туралы шешім қабылдайды.

Украина Ресейдің агрессивті әрекеттерін ашық айтып, БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенциясын бұзғаны үшін айыптады. «Ресейдің Қара және Азов теңізіндегі арандату әрекеттері шекараны агрессивті болды», - деп хабарлады Украина Сыртқы істер министрлігі.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «украиналық кемелермен болған оқиға бұл - Киевтің өте қауіпті арандату әрекеті» - деп мәлімдеді. Песковтың айтуынша, украиналық кемелер «Ресейдің мемлекеттік шекарасын бұзды.

Бүгінде Украина 30 күндік әскери төтенше жағдайда тұр. Бұл  заң  Украинаның бір немесе бірнеше аймағына енгізілуі мүмкін. Кеше президент Порошенко мұндай ережелерді енгізу мүмкіндігі туралы шараларды әзірлеуді тапсырды.

Бұл оқиғаның енді елеулі әскери жалғасы болмауы мүмкін. Еске сала кетейік, шамамен бір ай бұрын Еуропарламент Азов теңізінде Ресей Федерациясының агрессиясына қатысты қатаң шешім қабылдағаны белгілі. Егер тағы Ресейдің агрессивті әрекеттері қайталанса, онда  жаңа санкциялар енгізеледі.

Қазір Ресейде  Путиннің рейтингі  төмен көрсеткішке ие. Кейбір сарапшылар "сол үшін  Путин сондай әрекетке барды" бардыь деп топшылап отыр. Бірақ, мұндай әрекеттің қазір пайдасы шамалы және мұндай агрессорлық қадам рейтингті көтеруге еш әсер етпейді!

P.S. Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Аргентинада өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу болмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Twitter-де  Ақ үй қожайынының өзі хабарлады. Дональд Трамп  Украинаның жағалауда тұрған кемелері мен тұтқында отырған теңізшілерді босатқанда ғана Путинмен кездесуге дайын екенін айтты.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымның кандидаты

 

Zhazira Baidaly

Шымкентте туған Қостанайдың қызы. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журфагының түлегі. Астанадан Алматыға "Айтуға оңай" үшін ұшып келген қыз. Алаш-орданың 100 жылдығына орай "Ақ жол" партиясы табыстаған арнайы медальдің иегері. Жер жарған атақ-даңқы жоқ, әзірге..)

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір