• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 21:17:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

03 Желтоқсан, 2018 Әлемде

Грузияның жаңа президенті: Ресейдің өзі кінәлі!

Грузияның жаңа президенті өз қызметіне кірісті.

Грузияның жаңа президенті өз қызметіне кірісті. Алғаш рет осы лауазымға әйел келді: ол бұрынғы Грузияның Сыртқы істер министрлігін басқарған тәуелсіз кандидат - Саломе Зурабишвили. Кезінде ол Михаил Саакашвилидің қарсыласы болды.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің қорытындысын жариялады: Саломе Зурабишвили президенттік сайлаудың екінші турын жеңіп, 59,52% дауыс жинады. Жаңа президенттің салтанатты рәсімі 16 желтоқсан күні өтеді. Бірыңғай ұлттық қозғалыстың кандидаты Зурабишвиллидің негізгі қарсыласы - Григол Вашадзе 40,48 пайызды жинады. Саломе Зурабишвили «Грузия арманы» билік партиясының қолдауымен сайлауға түсті. Бірінші кезеңде ол 38,66% дауысқа ие болды және негізгі бәсекелес Вашадзе жеңіске жету үшін билеуші ​​партия теңдесі жоқ қадамдар жасады. Грузин үкіметі грузин азаматтарын шағын банк қарыздарын кешіруге және әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүргізуге уәде берді.

Зурабашвили "Грузияның мүддесін сатты" деп Саакашвилиді айыптады: ол 2008 жылы Грузияны соғысқа душар етті, Еурокомиссияның шешімін қолдамай, Грузия тарапының Оңтүстік Осетия мен Абхазияға соғыс бастағанын үлкен қате деп айтты. Зурабишвилидің айтуынша, Саакашвили мен оның серіктестері Ресейдің арандатушылық қимылының қақпанына түсті және бұл грузин халқына қарсы үлкен қылмыс болды.

Зурабишвили 1952 жылы Грузияның саяси иммигранттарының отбасында дүниеге келді. Парижде саяси ғылымдар институтын бітіріп, АҚШ-та оқыды. Ол дипломатиялық қызметте керемет карьера жасады - көп жылдар бойы АҚШ, Италия, Чадда грузин елшілігін басқарды, 2003 жылдан бастап Францияда Грузияның елшісі жұмыс істеді. 2004 жылы Саакашвилидің шақыруымен Грузияның Сыртқы істер министрлігін басқарды. Сол кезде Францияның президенті болған Жак Ширак "Грузияда тек Саломе Зурабишвили ең жоғары квалификация дипломаты" деп айтты.

Бір жылдан кейін Зурабашвили Саакашвилидің саясатын қатты сынады, сол үшін Саакашвили оны қызметінен босатты. Содан бері Саломе оппозицияда болды. 2016 жылы ол Грузия парламентіне сайланды, ал 2018 жылдың тамыз айында француз азаматтығын қабылдамай тәуелсіз кандидат ретінде Грузия президенттігіне кандидат болуға шешім қабылдады.

Шын мәнінде, Зурабишвили  соңғы саяси қызметтегі уақытын Грузияның Еуропа құрамына өтуіне  арнады және ол Грузия президенті ретінде Ресейдің мүддесіне сай саясаткер емес екенін түсіну керек.  Жаңа президенттің айтуынша, Грузия Ресеймен ынтымақтастыққа көше алмайды, өйткені  оған Мәскеудің өз саясаты кінәлі.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті, тарих ғылымның кандидаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір