• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:39:25
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2018 Саясат

Француздар неге бүлінді? Үш түрлі нұсқа

Францияда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін.

Францияда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Париж, Тулуз сияқты қалалардың тұрғындары жаппай алаңға шығып, наразылық танытуда. Қаланың астан-кестені шыққан. Машиналар өртеніп жатыр, дүкендер жабық, жабылып үлгермегендері қирап жатыр. Көк түтінге оранған Париждің жағдайы қиын. Алдағы уақытта сенатта үлкен жиын болмақ. Онда Ішкі істер министрі мен мемлекеттік хатшы сөз алмақшы. "Француздар неге бүлінді?" деген заңды сұрақ туындайды. Әзірге қолда бар 3 түрлі нұсқаны оқырман назарына ұсынайық:

Бірінші нұсқа – халық «сабыр түбі – сары алтын» деуден жалықты. Осы уақытқа дейін көп нәрсеге көз жұмып келген француздар мемлекеттік саясатқа түсіністікпен қараудан шаршады. Жанармай бағасының көтерілуі жығылған жұдырық болды. Ашу мен ызаға булыққан француздар тұрғындарға қолайлы жағдай жасамайтын мемлекеттік саясатқа осылайша наразылық білдіруде.

Екінші нұсқа – бұл енді көршілеріміздің қосқан үлесі қатты сезілетін нұсқа. Ресейлік БАҚ француздардың әрекеті ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, «майдандық» сипаттың басым екендігін қайталап айтуда. Әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен байланыста болған көтерілісшілердің бірлігі, наразылық шарасының «сары жилеттер» (фр. Mouvement des gilets jaunes-ред.) деген атауға ие болуы, бет-әлпеттерін жасыра білулері, ақсиған азулы тістер құсап түйілген жұдырықтың көтерілістің символына айналуы – мұның бәрі Мысырдан бастау алып, Украинада жалғасқан «түрлі-түсті төңкерістерге» тән дүние. "Демек ұйымдастырушылар да, қаржыландырушылар да бар деген сөзге негіз бар",- дейді ресейлік әріптестер.  Жауабын да ашық айтудан тайсалмапты. "Бәленің бәрі – АҚШ-тан, француздардың бүлінуіне де солар себепкер" деп айтады.  Францияның АҚШ-қа қарсы жасақталған «еуропалық коалицияның» белді мүшесі екендігін айта отыра, "осы көтеріліс арқылы Вашингтон Париждің абыройына нұқсан келтіргісі келеді",- дейді.


Үшінші  нұсқа – қит етсе болды, қарсылық танытатын көше белсенділігі – Францияның саяси өмірінің дәстүрлі ажырамас бөлшегі болып табылады. Оның артында «көшеге» жауап беретін қоғамдық ұйымдар (кәсіби одақтар негізінен-ред.) жатыр. Демек, билік пен ұйымдар арасында белгілі бір келісім бар. Полициямен қақтығысып, темір тұлпар өртеп жатқандар радикалдардың өз-өзін қалпына келтіре алатын француз жүйесінің механизмі.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір