• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:26:22
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Өркен Кенжебек: Хайперлерге 100 доллар беріп, 100 дүре соққың келеді

Негізі, басты проблема - ненің хайп, ненің хайп емес екендігін ажырата алмау.

Журналист, блогер Өркен Кенжебектің қазақ интернетінде контент жасаушылардың ІІІ форумында айтқаны:

Хайп жасау мәдениеті қалыптасты. Хайп жасаған 10 адамның 9-ын қамшымен сабап, 1-іне ғана ризашылық білдіргің келеді. Себебі хайп жасаушыларға тағылар айып көп. Негізі, басты проблема - ненің хайп, ненің хайп емес екендігін ажырата алмау. Ал, жалпы өнім, қызмет сапалы, көңілге қонатын болса, хайпке жүгінудің қажеттілігі жоқ. Себебі хайпты көрген, оқыған адамда сол өнім не компанияға деген сенімі ұлғаймайды. Бұл назарды уақытша аударту құбылысы. Өмірі қысқа, қысқасы. Кезінде Еркін Рақышев қорқынышты кино түсіріп көрді. Сосын БАҚ-қа "Менің фильміме монтаж керек емес. Бір монтажист "жасайын, бірақ түнде емес деп өтінді" деп сұхбат берді ұялмай. Ол кезде хайп деген түсінік жоқ. Шын мәнінде, Рақышевтікі нағыз хайп болды. Себебі фильм шын мәнінде нашар болатын. Осындай әңгіме арқылы ол өз фильміне назар аударылғанын қатты қалады. Мәжбүрлік оны хайп жасауға итермеледі. Ал, қазір хайпқа деген қызығушылық бар. Бәрі хайп жасауға құмар. Алайда хайпты керек уақытында ұтымды пайдалана білу мақсат. Мысалы, авиата Фурманов көшесіндегі филиалының жарнамасын былай жасады: "Біз енді Назарбаевқа жұмыс жасаймыз". Бұл жай ғана мысал. Жарнама ретінде қабылдамаңыздар. Өздеріңіз білесіздер, сол уақытта көшенің атауы Назарбаев болып өзгерген болатын. Олар соны ұтымды пайдалана білді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір