• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:55:53
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

07 Желтоқсан, 2018 Саясат

Сарапшы: Еуропада Путиннің алдын орайтын президент жоқ

Еуропада Ресейдің  саясатын алдын ала  салмақтай алатын, мықты саясаткер  президент жоқ

«Еуропа құрлығында Ресеймен текетіресе алатын, Путин басқарған мемлекеттің  алдағы саясатын сарапқа салып, тұжырым жасай алатын және жедел шешім қабылдайтын логикасы мықты, салмақты сарапшы-басшы қалмады». Бұл туралы Польшаның бұрынғы Сыртқы істер министрі Витольд Ващиковский мәлім етті.

Польшаның бұрынғы Сыртқы істер министрі бұл әңгімені неге қозғап отыр? Оның пікіріне сенсек, Ресейдің маңындағы шекаралас елдер Мәскеуден қатты қауіптенеді. Сондықтан да оларда қашан да үрей бар».

–Еуропа құрлығында тек қазіргі кезді, бір сәттік саяси жағдайды ғана ойлайтын саясаткерлер бар. Болашақты болжай алатын мықты стратег президенттер жоқ. Қазір Ресей Еуропаның осы әлсіз тұсын пайдаланып қалуға тырысып жатыр. Осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өзінің осы аймақтағы қуатын арттыруда, –дейді Витольд Ващиковский.

Бұл орайда бұрынғы  экс- министр 2005 – 2010 жылдары Польшаның президенті болған Лех Качиньскийдің өте көреген саясаткер болғанын айтады. Лех Качиньский 2008 жылдың өзінде -ақ Ресей болашақта бірқатар елдерге  үлкен қатер төндіретін айтқан. «Алдымен Грузия, сосын Украина Ресейдің басты қарсыласы атанады, аталған екі елдің біраз бөлігі Ресейге қарауы мүмкін. Одан кейінгі орында Балтық жағалауы елдері, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония тұр»,– деген Качиньскийдің мәлімдемесін ешкім әлі ұмыта қойған жоқ.  Качиньскийдің болжамына сенсек, «болашақта аталған үш елден кейін Ресей  Польшаның қауіпсіздігіне қатер  төнеді».

Польша сарапшысының айтып отырғанында да жан бар секілді. Жалпы мұндай пікірді осыдан біраз уақыт бұрын неміс сарапшылары да айтқан. Олардың ойынша, «шын мәнінде қазір Еуропада Ресейдің  саясатын алдын ала  салмақтай алатын, мықты саясаткер  президент жоқ. Сарапшылар тек қана АҚШ, Ресей және Қытай мен Үндістанның саясаттағы ара салмағын  сараптаумен ғана айналысады. Ал Еуропаға Мәскеуден қауіп төніп келе жатқанын ешкім пайымдамайды».

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір