• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:48:37
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2018

Университет дипломы – 170 мың теңге

Шырылдап отырған студент қызды аяп кеттім.

 Бір белгілі оқу орнын үздік бітіріп жатқан студент қыздың әңгімесі екі күннен бері мазамды қашырды.)

Айтуынша, диплом жұмысын жазатын кезі келіпті. Жетекшісі - кафедра меңгерушісі. Бірақ "диплом жазып әуре болма. 170 мыңға дайын жұмысты аласың" депті. Студент қыз өзі жазғысы келеді. Ал жетекшісі жазған күнде де бағыт беріп көмектеспейтінін, оны ертең комиссия қабылдамауы мүмкін екенін, бәрі ойдағыдай болса да университеттің антиплагиат туралы бағдарламасынан өткізбейтінін айтып қорқытыпты. Студент қыз «ойланайын» деп кетіп, группаластарынан сұраса, бәріне осы талап қойылған екен. Енді бір группа тегіс 170 мыңнан жинап беріп, университеттің дайын диплом жұмысын сатып алмақшы...

Біз онсыз да былғанған, жемқорлық жайлаған елде өмір сүріп отырмыз. Енді осы былғанышты жастарға жұқтырып жатырмыз? Олар да мұны қалыпты, тіпті қажет нәрсе деп қабылдай бастайды... 
Өкінішті емес пе?

Өз басым атын атап тұрып жазайын десем, «ана қызға зияным тие ме?» деп қорқып отырмын. 
Ол қыз ақылсыз да емес. "Антиплагиатты әр университетке беріп қоймай, бүкіл республикалық ортақ бағдарламамен қараса ғой. Әйтпесе, қазір менің ізденіп жазған жұмысымды университет өз бағдарламасымен қарайды. Олар қолдан кедергі жасап өткізбей тастауы мүмкін",- дейді... Диплом жетекшісі осылай қорқытып, бетін қайтарып тастаған ғой.

Өз қолын былғағысы келмей, шырылдап отырған студент қызды аяп кеттім.

Жемқорлықтан осындай жастарды құтқарып қалудың қандай жолы бар?
Әлде әрқайсымыз "өзіме зияны тиіп кетеді" деп, жемқор қоғамның ағысымен кете береміз бе?

Nazira Bairbek, фейсбуктегі парақшасынан

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір