• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

12 Желтоқсан, 2018

Атақты "Титаникті" орындаған Димаш сахнаны жарды (видео)

Джеки Чанның ұйымдастыруымен өткен шарада Димаш атақты «My Heart Will Go On» әнін орындады.

Димаш Құдайберген Бірінші халықаралық кинофестивалде өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Джеки Чанның ұйымдастыруымен өткен шарада Димаш атақты «My Heart Will Go On» әнін орындады.

«Бірінші халықаралық кинофестивал Джеки Чанның ұйымдастыруымен өтті. Көріскенше. Бірнеше минуттардан кейін сахнада өнер көрсетемін», деп жазды әнші сахнаға шықпас бұрын. 

Еске сала кетсек, бүгін Хайнань аралында I Халықаралық кинофестивалдің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараға әлемге танымал Николас Кейдж, Джульет Бинош, Изабель Юппер, Изабель Аджани және тағы басқалар қатысады. 

Айта кетсек, бұл фестивалде Қазақстанның атынан "Айка" фильмі көрерменге жол тартады. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Өмирзак Х 12 Желтоқсан, 2018

Керемет. Мықты орындайды