• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:08:20
+35°

14 Желтоқсан, 2018

Төреғалидің нумерологиясында тек президенттерде кездесетін сандар бар

Еліміздегі есер ән жазып, ессіз клипке түскен әншілер,  хайптың соңына түскен жұлдыздар  биыл да ел-жұртты шулатты.

Еліміздегі есер ән жазып, ессіз клипке түскен әншілер,  хайптың соңына түскен жұлдыздар  биыл да ел-жұртты шулатты.  Бірі  ерсі қылықтарымен  жаға ұстатса, басқасы жеке өміріндегі өзгерістермен халықты таңдай қақтырған. Тізе берсең көп әйтеуір.  Кім  есер қылығымен есте қалды, ал кім үшін бұл жыл сәтті болды? Танымал нумеролог қандай болжам жасады? Жұрттың  аузынан түспейтін  шоу бизнес өкілдерінің топтамасын Еуразия бірінші арнасы жасақтады.

Бұрынғыдан өзгермей, биыл да басы даудан арылмаған, шоқ басып, аңдамай сөйлейтін жұлдыздардың бірі – Төреғали Төрәлі десек еш қателеспейміз. Өзін «Ұлы дала баласымын» деп  атаған  халықтың еркесі бір емес, бірнеше рет дөрекі мінез танытқаны жұрттың есінен әлі кетер емес. 

"Әр жүрісінің өзі хайп болып кетті ғой." 
"Өз басым оның ерсі қылықтарына қарсымын. Әншімін деп үлгі көрсетудің орнына, істеп жүргені мынау". 
"Может жұлдыздық ауруы шығар" 
"Төреғали өз қылығын білгенде, өзіне дұрыс деп тұр ғой мынаның бәрін" 

Бірі Төреғалидің ерсі қылықтарын жұлдыз ауруы десе , өзгесі  кезекті хайптың көрінісіне балады.  Десе де, жасыратыны жоқ, ол не істесе де, халықтың сүйікті әншісі болып қалуда. Неге?  Осыған қатысты нумеролог Клара Күзденбаевадан біліп көрдік.  

«Бұл адамды ақыл емес, эмоция  билейді. Өзінің айтқан сөзінен таймайтын жан.  Оның жұлдызында нақты белгі жоқ болғаннан кейін,  кейде ол не істеп жатқанын өзі де білмей қалады.  Себебі ол эмоцияға беріледі. Алайда, ол не істесе де,  оған барлығы кешіріммен қарайды. Өйткені бұл азамат нағыз халықтың еркесі. Онда 2 «7» бар екен. Ал 2 «7» тек президенттерде ғана кездеседі» - дейді нумеролог Клара Күзденбаева. 

Басы дауға қалып, артынан сөз ерген Төреғали Төреәлі   биылғы қылықтарынан әлі де сабақ алмаған тәрізді. Сұрақ қойған Еуразия тілшілеріне тағы да  мінез танытты. 

Ал қара пиарды жаны сүйе бермейтін, отбасы жайлы сұхбат беруден қашатын Айқынның биылғы жаңалығы хайптан да асып түсті. Ол  жасырын түрде екінші рет«Кешью» тобының экс- әншісімен шаңырақ көтеріп, әлеуметтік желі де біраз сынға ілінді.  Тіпті екеуі дүркіретіп үйлену тойын жасамаса да, ел күтпеген тұңғыштарының 1 жасын шулатып өткізді.  

«Мәссаған, қараңызшы, оларда сандар сәйкестігі байқалады. 10 және 10. Екеуі де бір күні туған.  Яғни, олар бір-біріне тартылып тұрады деген сөз. Алайда, менің айтатыным,  екеуі де өте қызғаншақ.  Содан тезірек арылып, шыдамды болғандары жөн. Энергиялары да тасып тұрады екен. Бірақ,  қуантарлығы, қарым-қатынаста бір-бірімен тең» - дейді нумеролог Клара Күзденбаева. 

Осылайша ел аузында жүріп, санын ашып, түрлі әртіс жігіттермен жұлқына билеп, одан қалса сүйісіп хайп жасаудан шаршамайтын Кәмшат та анти үштікте.  Ол биыл өзге әріптестерінен асып түсті. Қоймай шешінді, сүйісті, жігіттермен аймаласты. 

"Қазақ қызына жат қылық қой. Ашық-шашық киінуі." 
"Қазақылыққа салса, оның ашық-шашық киінуі  енді дұрыс емес деп айтады. бірақ мен ойлаймын әркімнің өзінің сахналық стилі болады.  өзіне сай, может өзіне ұнайтын шығар."
"Оған түгелдей тиым салу керек деп ойлаймын. Ол халықтың алдында жүрген біздің үлгі етер қыздарымыз ғой. Сондықтан олар осылай киінбеу керек деп ойлаймын." 

«Осындай арзан дүниеге барып жүрген інілерім қарындастарым, онсыз да халық оларды бағалайды. Халықты ондай дүниемен алдауға болмайды. Ол уақытша нәрсе. Нәтижесінде табылатын ақшаға соған бола алданып, елдің алдына шығып, келешекте өзінің атын тарихқа басқаша етіп жазып кетуге болмайды. Қыз балалар елдің шешініп шығып, жартылай жалаңаш шығып елді елең еткіземін деп, халықтың алдында қадірі болмайды» - дейді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Халықтың еркетотайларына айналған, хайп жасаймыз деп айыптың астында қалған жұлдыздардың биылғы сиқы осы. Ал келесі жылы басы даудан арылмайтын шоу биз өкілдерінің тағы да қандай былық жасайтынын уақыт көрсетер.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір