• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:12:07
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2018 Саясат

Атамбаевтың ақырғы жанталасы. Үш саясаткер экс-президентті сотқа берді

Президент Соронбай Жээнбековтың  командасында Атамбаевтың бірде - бір адамы қалған жоқ

Қырғызстан Жоғарғы Кеңешінің бұрынғы төрағасы Ахматбек Келдібеков, сондай-ақ саясаткерлер Әзімбек Бекназаров және Кеңешбек Дүйшебеков экс-президент Алмазбек Атамбаев пен рның «Апрель» телеарнасын  сотқа берді.

Аталған телеарнаның тілшісіне сұхбат берген Қырғызстанның бұрынғы президенті жоғарыдағы үш азаматты «жемқорлыққа қатысы бар» деп атады. Атамбаевтың айтуы бойынша, Жоғарғы Кеңештің төрағасы Келдібеков елді талан-таражға салуға жол берді, ол спикер болған кезде парламентте қабылданған заңдар әлсіз болды, соны пайдаланған ұрылар елді тонады. Оған тікелей Келдібековтің өзі кінәлі. Сөйтіп, қазір  өздері де әбден байып алды» деп мәлімдеді.  

–Енді олар маған қарсы шығып, «Атамбаевтың өзін соттау керек» деп жатыр. Мені емес, мемлекеттің байлығын тонап, тез байыған осындай мультимиллионерлерді соттау қажет. Қазіргі президенттік билік осындай ұры-қарылармен ауыз жаласып отыр. Тіпті оларды жасырын қолдайды, – деді қырғыздың экс-президенті Алмазбек Атамбаев.

Президенттік тақтан түскеннен кейін елде  Атамбаевты жек көрушілердің саны арта түскендей. Тіпті қырғыз элитасы арасында да текетірес күшейіп барады. Алмазбектің біржақты айтқан осындай  пікірлері әрине саясаткерлердің наразылығын тудыруда.

Бірақ Атамбаев Қырғызстан үшін басты мәселе – халықтың бірлігі мен тұрақтылық және бейбітшілік деп санайды.

–Құдай сақтасын, егер қазір  2005 жылғы наурыз немесе сәуір төңкерісі қайталанатын болса, онда халыққа өте қиын болады. Одан тек Әзімбек Бекназаров пен Кеңешбек  Дүйшебеков қана ұтады, солар ғана пайда табады, – дейді Атамбаев.  

Дәл осы сөздері үшін қырғыздың экс-президенті мен оның «Апрель» телеарнасын сотқа берген үшеу өздеріне дәлелсіз тіл тигізгені үші 257 мың доллар талап етіп отыр. Алдағы күндері болатын сотта қай жақ жеңіп шығатынын уақыт көрсетеді, бірақ екі тарап та қайтпайтын секілді.

Айта кету керек, Атамбаевқа айып тағып отырған қырғыздың үш саясаткері экс-президенттің өз әдісін осылай өзіне қарсы қолданбақ. Бұған дейін Алмазбек Атамбаев өзі жақтырмайтын БАҚ өкілдерін «арандатушылар» деп атағаны белгілі. Оның президенттік билігі тұсында елдегі  «Азаттық», «Заноза» және тағы басқа басылымдар жабылып, бірқатар журналистер қудалауға ұшырады.

Қазіргі президент Соронбай Жээнбековтың  командасында Атамбаевтың бірде - бір адамы қалған жоқ. Олардың бірқатары жемқорлық әрекеттері үшін ұсталды, қамалды, сотталды. Тіпті оның Социал-демократиялық партиясы екіге бөлініп кетті. Олардың бірқатары Атамбаевты жақтаса, жартысы қазіргі президенттік билікті қолдап отыр.

Ал Атамбаевтың қазіргі әрекеті өзін ақтау үшін жасалынып жатқан ақырғы жанталас секілді...

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір