• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:35:49
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Қабатовтың былшылы...

Сатираның мақсаты тек күлдіру емес... Күлдіре отырып жылату, күлдіре отырып ойланту жоқ...

Тұрсынбектің бойында негізІ сатираға деген бейім, қарым-қабілет, талант бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Шығара да алмайсың! Бірақ өкінішке орай, өре жоқ. Олардың әзілі ауыл қазағын мазақ етуден, кемпірді келеке қылудан, ит болып үруден, шошқа болып қорсылдаудан, жылқы болып кісінеуден әрі аспайды. Өте таптаурын, жаттанды, әр концерті сайын өздер -өздерін қайталайды да жатады. Ізденіс, кәсіби сатира атымен жоқ. Бәрі әуесқойлардың деңгейінде. Әзілдерінің өзі өте қарабайыр. Кейбіреулер мәз болып, күледі, әрине, оның өзі арзан күлкі... Дарақы күлкі... Тек қана күледі... Сатираның мақсаты тек күлдіру емес... Күлдіре отырып жылату, күлдіре отырып ойланту жоқ... Сондықтан мен оған баяғыда "Қабатовтың былшылы" деп ат қойғам.

Айналайын-ау, қайта-қайта ауыл қазағын мазақ етудің, кемпірді келеке қылудың, ит болып үрудің, шошқа болып қорсылдаудың, жылқы болып кісінеудің, сиыр болып мөңіреудің не керегі бар?! Басқа тақырып құрып қалды ма?

Думан Рамазанның Facebook-тегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір