• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

03 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Тосын оқиға: Алматыда әжейді қаққан эвакуатор тоқтамай кетіп қалған (видео)

Эвокуатордың әжейді қағып кеткен сәті басқа көліктегі жолаушылардың видеосына байқаусызда түсіп қалған.

2018 жылдың 30 желтоқсанында сағат түскі 12:51-де эвакуатор жолдан өтіп бара жатқан әжейді қағып, тоқтамай жүріп кеткен. Оқиға Гоголь және Қонаев көшелерінің қиылысында болды. 

Эвакуатордың әжейді қағып кеткен сәті басқа көліктегі жолаушылардың видеосына байқаусызда түсіп қалған. Видеоға назар аударсақ, Қонаев көшесімен келе жатқан эвакуатор Гогольге бұрыла бергенде жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан әжейді қағып кетеді. Сәл кідірген көлік ары қарай тоқтамай кетіп қалған. Құлап қалған әжей орнынан қайта түрегелген, оның жарақат алған-алмағаны белгісіз. Оқиғаның видеосы төменде:

 

Ешкім зардап шекпегендіктен оқиға жабулы қазан күйінде қалуы мүмкін. Алайда құрбаны көп үлкен апаттың алды осындай кішігірім жағымсыз оқыс жағдайдан басталады. Жүргізушінің әжейді қағып кеткені былай тұрсын, ол оқиға орнынан тайып тұрған. Эвакуатор жүргізушісін тауып, тиісті жазасын беру – құқық қорғау органдарының міндеті.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір