• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

03 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Марқұмның соңғы жазбасы...

2018 жыл керемет өтті. Осымен бітті.

Алматыда Абай-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған ірі жол апатының үшінші құрбаны  Көкшетауда дүниеге келген, Астана қаласының тұрғыны, екі баланың анасы, GuDi Group" ЖШС тапсырыспен тамақ таситын компанияның атқарушы директоры болып қызмет атқарған Динара Қанатқызы Хамитова екені белгілі болған еді. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұмның отбасына қайғыра көңіл айта отырып, Динара жайлы ақпарат беруге тырысқан еді. 

♦Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған үшінші адам кім?

 Белгілі болғанындай, марқұмның артында күйеуі, бір ұлы мен бір қызы қалған. Ал осыдан 5 күн бұрын, яғни жол апаты болған күні Динара Хамитованың Instagram парақшасындағы жазбасы елді  елең еткізбей қоймайды. Әдетте жұрт Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда өзіне есеп беріп жатады. Ал Динара ажалын ертерек сезді ме екен, белгісіз, 29 желтоқсанда есеп беріп үлгеріпті. Жоқ, есеп бермепті, "Осымен бітті" деп дос-жарандарымен қоштасқан сыңайлы. Желідегі жазбасы төменде:

"Жұрт өткен жылға қорытынды жасап әлек. 

Мен үшін Жаңа жыл - күнтізбедегі күннің ауысуы ғана. Ешқандай қорытынды жасағым келмейді. Себебі, бәрі енді басталады. Бұл – балаларымсыз қарсы алатын алғашқы Жаңа жылым. Сондықтан мұны өз басым мереке деп санамаймын. Сонда да бәріңізді келе жатқан мерекемен құттықтаймын.

2018 жыл керемет өтті. Осымен бітті".

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір