• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

03 Қаңтар, 2019 NEWS

"Мен ұрлық жасамадым, Денис Тенді өлтірмедім" (фото)

Денис Теннің өліміне қатысты айыпталушылар кінәсін мойындамады

Денис Теннің өліміне қатысты айыпталушылар кінәсін мойындамады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Денис Тен

Сот отырысын Кеңшілік Әбделдинов басқарды. Қылмыстық іс 38 томды құраған. Айыпталушылардың қатарында Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева бар.

Сот отырысы кезінде жәбірленушілер мен айыпталушылар суретке түсіруге қарсы болды. Сот тергеуінің басталуына дейін сот мәжіліс залында журналистер қатысты. Ал қалған процесс БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтті. 

♦"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

«Мен ұрлық жасадым. Оны мойындаймын. Алайда кісі (Денис Тенді — ред.) өлтірген жоқпын. Мен айнаны ұрладым. Бұл – шындық. Бірақ кісі өлтіру туралы ойымда да болған жоқ. Мен адам денсаулығына зиян келтірмедім», — дейді Арман Қдайбергенов.

Денис Тен

Ал Нұралы Қиясов болса өз кінәсін мүлдем мойындамады.

«Мен маған артылған кінәні мойындамаймын. Мен кісі өлтірген жоқпын, ұрлық жасамадым», деді Нұралы Қиясов.

Жанар Толыбаева сотқа өзіне қатысты жасалған айыппұлдарды қайта қарап шығуды сұрады.

«Мен қылмыс болып жатқанын білмедім. Маған қатысты бапты өзгертуіңізді сұрамын. Мен Денисті пышақтағанын да көрмедім. Маған тағылған айыпты толық мойындамаймын», — дейді айыпталушы Жанар Толыбаева.

♦Екі полицей өз парызын адал атқарғанда, Денис Тен тірі қалар ма еді?!

Сот залында Ермек Жанғабаев есімді жәбірленуші де болды.

«22 маусымда таңертеңгі сағат 8:30 - да жұмысқа бара жатқанда, көлігімнің айнасы мен камерасы жоғалғанын байқадым. Мен бірден полиция шақырдым. Олар құжаттама толтырып, саусақ іздерін алды. Сол күні қолданылған айналарды сатып алып, көлігіме орнаттым. Кейіннен маған тергеушілер хабарласып, ұрланған айнаның табылғанын айтты. Ұрланған айна Құдайбергеновтен табылған», дейді жәбірленуші.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір