• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:31:37
Алматы
+35°

03 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Мәйіт маңында сүйек мүжігендер не ойлайды екен?

Өлім – той емес. Бір шаңырақтың, бір әулеттің қайғысы.

Өлім – той емес. Бір шаңырақтың, бір әулеттің қайғысы. Сондықтан қайғыға батып, қиналып отырған үй иелеріне жаназа күні астау-астау ет астырып, мүшелеп жілік тарату дұрыс болмаса керек-ті. Өкінішке орай, көп жерлерде мәйіт үйден шығысымен-ақ, зират басына бармай ығысып қалып қойған кісілер жапа-тармағай дастарханға ұмтылады. Қара жамылған әйелдер ішкі үйде аңырап отырғанда, ата сақалдары ауыздарына түскен ел ағаларының іргеде малжаңдап сүйек мүжіп отырғаны біртүрлі ерсілеу көрінеді екен. Ал әлгі ауыр қайғы қабырғаларына батып, таяқ ұстап қалған ағайын соларға шәй тасып, қызмет көрсетіп әуре. Тіпті, мұны айтасыз, мәйіт үйден шықпай-ақ, жаназасын күтпей табақ-табақ палау тарата бастайтын жамағат та бар.

Бұл турасында 2009 жылы ҚМДБ-ның Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары амал ететін Ханафи мәзһабына сай дайындалған пәтуа не дер екен? «Қаралы үйдің тұрмысы ауыр немесе біреулерге қарызы болса, олардың одан әрі қарызға батып ас берулері дұрыс емес. Ол үйден ас шығартпау керек. Тағамды туысқандары, жора-жолдастары немесе көршілері үйінде жасауына болады. Өздері жақындарынан айрылып қайғырып отырған үй иелеріне тамақ әзірлетіп, кісі күттіріп қойған дұрыс емес. Мәйітті бірнеше күн жатқызып қойып, қонақ күтудің қамына кірісу күнә». Жөн-ақ. Ендеше, осы бәтуаға неге тоқтамаймыз, ағайын? Қайғыдан қабырғасы қайысып, қара жамылған үйде қалжың қағыса қарқылдай күліп, езуімізден май ағыза кекірік атуымыздың ендігі жерде жөні бола қоймас, сірә...

Сіз не дейсіз бұған?

Бекжігіт Сердалының Facebook-тегі парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір