• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:44:10
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 NEWS

Киік атқан капитан (фото)

Кейін оқиға орнынан із суытып үлгерген адамдарды іздестіре бастады.

Қарағанды облысында заңсыз киік аулаған полиция капитаны жауапқа тартылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

2018 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысында табиғат қорғаушы инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізген. Рейд барысында «Жанбөбек» ауылынан 30 шақырым жерде сынған «Тойота Ленд Крузер-100» және «Тойота Ленд Крузер-80» маркалы автокөліктер табылды.

«Инпекторлар аталмыш автокөліктердің ізімен жүре отырып, атылған 18 киіктің тұтас етін анықтады. Кейін оқиға орнынан ізін суытып үлгерген адамдарды іздестіру басталды. Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік полициясының ақпараты бойынша инспекторлар Ұлытау ауданының Алғабас ауылынан шықты. Алғабас ауылында Ұлытау аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторы Бралинов М.Ж-ның сарайынан атылған 12 киіктің тұтас еті табылды», - деді Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында. 

Қазір аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір