• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:34:47
Алматы
+35°

"2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңашылдық күшіне енді. Мәселен көлік құралын тіркеу куәлігіне микрочип салынып, енді оның формасы өзгеретін болады. Сондай-ақ енді өзіңізбен бірге сақтандыру полисін алып жүру қажет емес» - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Хабар 24 телеарнасына  сілтеме жасай отырып. 

Биылдан бастап көлікті тіркеу куәлігі ықшамдалады. Оның пішіні мен көлемі өзгеріп, көліктің тіркеу деректері толық жазылатын электронды микрочип орнатылады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянинаның сөзінше, жүргізушінің барлығы көлікті тіркеу куәлігін ауыстыруға міндетті емес.Жаңа нұсқадағы куәлік кім көлігін жаңадан тіркеді, сол азаматтарға беріле бастайды. Бірақ өз қалауымен тіркеу куәлігін ауыстырғысы келетіндерге ешқандай шектеу жоқ екен.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап өзіңізбен бірге сақтандыру полисін алып жүрудің қажеті жоқ, алайда бұл көлікті сақтандыру қажет емес дегенді білдірмейді.

Көлігіңіздің сақтандырылған немесе сақтандырылмағанын полицейлер бірыңғай электронды база арқылы тексере алады. Сол үшін еліміздегі тәртіп сақшыларының 92 пайызы арнайы планшетпен жабықталған.

–Ал егер кейбір жерлерде болмаған жағдайда олар өздерінің қолындағы рация арқылы кезекшіге звондап, жүргізушінің сақтандырылғанын, сақтандырылмағанын тексере алады, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Нұрсейіт Әбішев.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір