• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

06 Қаңтар, 2019 NEWS

Ертең еліміздің кей өңірлерінде көктайғақ болады

Синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы болады деп болжап отыр.

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге алып. 

Синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы болады деп болжап отыр.  

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанып отыр. 

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз  Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір