• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Қаңтар, 2019 Саясат

Никол Пашинян: Қарағандыдағы оқиға – бұл жай ғана манипуляция (видео)

Ең біріншіден, марқұм болған азаматтың ет-жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Арменияның премьер-министрі қызметін уақытша атқарушы Никол Пашинян «Менің қадамым» блогының фракциясы аяқталғаннан кейінгі болған журналистермен әңгімелесу барысында Қарағандағыдағы оқиғаға байланысты «ұлтаралық астардың болуы мүмкін емес, бұл жай манипуляция» деп мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі panorama.am-ға сілтеме жасай отырып.

«Ең біріншіден, марқұм болған азаматтың ет-жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Және бұл оқиғаның ұлтаралық астары болмағандығын ерекше атап өткім келеді. Маған айтылған ақпаратқа сәйкес, араздасқан компаниялар моноэтникалық құрамнан тұрмаған»,-деді Пашинян. Сонымен қатар ол екінші топта да қазақ ұлтының өкілі болғандығын еске салды.

Никол Пашинян армяндық БАҚ-қа келіп жеткен ақпаратты мұқият тексеріп алғаннан кейін ғана жария етуге үндеді.

♦Прокуратура: Қарағандыдағы төбелес ұлтаралық қақтығыс емес

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір