• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:26:29
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 NEWS

Жаңа салық түрі: Жапонияға кіру тегін, ал шығу доллар

07 қаңтарға дейін Жапонияны көруге билет сатып алған азаматтар бұл салықтан босатылып отыр.

Өткен дүйсенбі яғни 7- қаңтардан бастап Жапонияға сапар шегіп, ұшақ немесе кеме арқылы сапарын аяқтап, өз еліне оралғысы келетін кез келген туристтен енді жаңа салық түрі алынады. Бұл тәртіп кез келген мемлекеттің азаматына қатысты. Былайша айтқанда, Жапонияға кіру тегін, ал шығу 1000 иен (10 доллардың көлеміндей).

Жапонияның Қаржы министрлігінің мәлімдемесі мынандай: "Туризм инфрақұрылымын барынша нығайту, дамыту жолында елімізден кететін әр турист мың иен төлеуге міндетті».

Салықтан түскен ақша Жапонияның халықаралық аэропорттарының жұмысын жеделдетуге, жақсартуға жұмсалады екен. Анығын айтқанда, адамның бет-жүзіне қарап, аты-жөнін автоматты түрде анықтайтын жүйе іске қосылмақ. Сонымен қатар, туристерге жасалатын жағдай, берілетін ақпараттың да сапасы артпақ.

7 қаңтарға дейін Жапонияға барып-қайтуға билет сатып алған азаматтар бұл салықтан босатылып отыр.  

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір