• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:06:02
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 Әдебиет

Жалаңаштың жауабы

Депутаттар жасағанда ұрлық-қарлық, Ұят емес қой жалаңаштану.

Жақында 7 арнадағы «Өз ойым» хабарында Шырын Наршаева өзінің жалаңаштанғанын ар - ұят санамайтынын айтты. Соған байланысты туған ой.

Ар дегеніміз жеке адамдардың бойына жинақталатын қоғамның жады.

                                                                     Лев Толстой.

 

                Жалаңаштың жауабы

                     Сықақ

 

Депутаттар жасағанда ұрлық-қарлық,

Ұят емес қой жалаңаштану.

Көрсетпеңдерші, маған, тарлық,

Ашқан жоқпын ғой ұятты жерімді барлық,

Тұрмын ғой емшегімді қолыммен жауып,

Бетімнен алмаңдаршы қауып,

Ұлттық әшекейді көрсеттім амал тауып.

Мен қызымын қазақтың,                        

Еркін елде тұрамын азатпын.

Өзгенің бұйымын,                 

Қалдырмадым астында мазақтың,

Мен ұлтқа еш бөлмеймін, 

Қазаққа тиюге көнбеймін.        

– деп «ұлтшыл» еместігін ,

Айтып қояды.                     

Иә, ондайлар абыройын ашуды,

Қайтіп қояды?..

 ххх      

Санайды ерлікке,                 

Көрсетпегенін емшегінің үрпін,

Ал, аяққа басып таптағанымен,

Жұмысы жоқ, қазақтың ғұрпын.

Қысқасы,

Қызымыз қазақтан жерініп тұр,

«патриоттығы» көзге көрініп тұр.

 

 Күләш Керімбекқызы, Қостанай қаласы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір