• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Қаңтар, 2019 NEWS

Мысырда әл-Фараби орталығы ашылды

Орталықтың ашылуы барысында «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылды.

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Мысыр Араб Республикасындағы ҚР елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығын ашты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың ашылуы барысында «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылды. Фарабитанушы ғалымдар, Каир университетінің философтары, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Мысырдағы ҚР елшісі Арман Исағалиев Шығыстың ұлы ойшыл мұралары және өскелең ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіндегі оның идеясының өзектілігі жайлы баяндамалар жасады.

Әл-Фараби орталығы

Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры әл-Фарабидің ізгілікті қоғам идеясына негізделген «Ізгілікті қоғам азаматын қалыптастыру. Заманауи университеттер миссиясы» халықаралық жобасының БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе жүзеге асуы жайлы айтты. Ол Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс Сұлтан мұраларын ғана емес, достас мемлекеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқаратынына сенім білдірді. Мысырдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осы жылдан бастап әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет Каир университетінде қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.

Әл-Фараби орталығы

Сапар аясында қазақстандық делегация мен Бас имам әл-Азхар шейх Ахмад ат-Тайеб, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абдель-Гаффар, ЕАР Парламенті білім беру және ғылыми зерттеулер істері бойынша Комитет төрағасы Сами Хашим, Каир университетінің ректоры Мохаммед Осман әл-Хошт және «Гомхурия» газетінің бас редакторы Абдель-Разек Тауфик араларында құрылымдық диалог өрбіді.

әл-Фараби орталығы

Кездесу барысында бірлесе мамандар даярлауда өзара әріптестікті нығайту, академиялық алмасу бағдарламасын, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын жүзеге асыру, оқытушылар біліктілігін арттыру, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жасау, фарабитану курстарын енгізу сұрақтары қарастырылды. Мысырдан ҚазҰУ филиалын ашу жайлы келісім іс-сапардың маңызды сәтіне айналды. Тараптар 2020 жылы ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге және дайындық жүргізуде бірлескен жұмыстар жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

әл-Фараби орталығы

ҚазҰУ делегациясы құрамындағы танымал кинорежиссер С. Әзімовтің түсіру тобы қазіргі уақытта түсіріліп жатқан әл-Фараби және Бейбарыс Сұлтан туралы көркем фильмдерге қажетті видеоматериалдар жинау үшін Мысырдағы тарихи-мәдени нысандарды (Бейбарыс Сұлтан мешіті мен кітапханасы және т.б.) аралады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір