• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Қаңтар, 2019 NEWS

Қарағандыдағы қанды оқиға: Күдіктінің қайда жасырынғаны белгілі болды

Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді

Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жаппай төбелестен кейін ізін жасырған күдікті Нарек Гурурян Ресей аумағына қашқан. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан мәліметіне сүйене отырып. 

Сүлейменовтің айтуынша, жедел тергеу шаралары барысында күдіктінің Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына өткені белгілі болды.  

"Күдікті 1 қаңтар күні кешкі 22.00-ден кейін шекараны кесіп өткен", — деді министрдің бірінші орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте. 

Оны іздеу үшін екі жедел тергеу тобы Ресейге, ал тағы бір топ Арменияға жіберілген. 

"Біз қазір әріптестермен бірге өзара іс-қимылды пысықтап жатырмыз. Күдіктінің бейнеүндеуі оны ұстауға және заңды түрде қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға қайтаруға септігін тигізеді деген ойдамын. Ал күдіктінің қылмысты жасаған-жасамағанына қатысты, менің ойымша, тергеу органдарында дәл сол сәтте негіз жеткілікті болды. Сот санкция берді", — деді Сүлейменов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір