• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Қаңтар, 2019 Әлеумет

"Неге жылайды бүлдіршін?" Қаршадай қызды жұбатқан президентке жұрт сүйсінді

Путин кішкентай қыздың арманын орындады.

Ресейде кішкентай қыз президентпен суретке түсе алмағаны үшін жылап жіберді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 5-tv.ru сайтының дерегіне сүйеніп. 

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербордағы сапары барысында жылаған қызды өзі барып жұбатты. Көптің жүрегін елжіреткен оқиға 7 қаңтарда болған.

Бұл күні президент Петропавл бекінісіне барды. Сапар бойы басшыны петерборлықтар мен қала қонақтары "президентпен суретке бір түссек" деген ниетпен Путинді қоршап жүрді. Путинмен кездесуге барғандардың қатарында тұрымтайдай қыз да бар. Ол да президентпен суретке түскісі келген еді. Алайда Путиннің көлікке отырып жатқанын көрген бүлдіршін жылап жіберді. Себебі мемлекет басшысымен суретке түскісі келді.

Мұны байқап қалған президент көлігінен қайта түсіп, қыздың жанына келді.

«Жылама, неге жыладың?», - деп сұрады президент қыздан.

Қыз тілегін айтқан соң президент онымен суретке түсіп, жөніне кете барды. 

Путин Петерборда

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір