• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

09 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Гүлжан Ерғалиева: Ақиқатты айтқанша жолда адам өлтірген жақсырақ екен ғой...

Сонда ақиқатты айтқанша жолда адам өлтірген жақсырақ екен ғой...беретіндері аз.

Қазақ билігіне жаңа жылда жаңа тілек

Павлодарда қарсы бетке шығып, 4 адамды ажал құштырған (оның ішінде кішкентай бала да бар) 51 жастағы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты үкім шығыпты. Соттың шешімімен ол енді 5 жыл бас бостандығынан айырылады. Алайда отыратын колониясының типі жеңіл. Бұл аз ба, көп пе?
Авария мен аварияның айырмашылығы бар. Сондықтан да әр оқиғаны зерттеп алу мақсат. Кейде жаяу жүргінші өзі жол-көлік оқиғасына себепкер болып жатады. Алайда ауыр жүк көлігінің қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет келіп, төрт адамды өлтіруін шын мәнісінде жаппай адам өлтіру деуіміз қажет. Сол үшін небәрі 5 жыл?

Мен халықтың көзінiе бас шауып немесе Қытайдағыдай ондай қылмыскерлерді атып тастайық демеймін. Дегенмен бас бостандығынан айыру жүйесінің белгілі бір тәртіпке бағынғанын қалаймын. Себебі «жалған ақпарат таратушы» неліктен  10 жылға түрмеге жабылады? Өсек таратып, жалған айып тапқандар неге 7 жылға тентіреп кетеді?

Журналистің құқығын қорғайтын қаншама ұйымдар БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде білдірген ой-пікірі үшін парламенттің мақұлдаған қылмыстық баптарды декриминализациялауға (қылмыстық істі әкімшілік іске ауыстыру – ред.) барын салып жатыр. Бірақ жыл сайын билік қоғамдық пікірге қатысты заңls күшейтумен әлек. Әсіресе, ой-пікір өзгеше болса, басқа бәле болады. Бәлкім, жетер?! «Жалған ақпарат», «жалған айып тағу», «қадір-қасиетіне тиісу», «шағыстыру» үшін қылмыстық іс қозғай беруді доғарайық! Себебі мұндай жағдайларда кімнің бұрыс, кімнің дұрыс жасағанын, кінәлі мен кінәсіздің арасын ажырату қиынның қиыны. Сондықтан қылмыстық істен азаматтық, тіпті әкімшілік бағытқа ауыстыру қисындырақ.

Макс Боқаевқа тағайындалған  5 жыл мен рөлде отырып алып, бірнеше адамды өлтіре салатын қылмыскерге кесілген  5 жыл салыстыруға келе ме?

Демек Павлодарлық прецедентке сүйенсек, төрт адамның өлімі түрмедегі 5 жылға тең немесе Ескендір Сүлейменовті өлтірген Мұхитованың 2 жылына пара-пар, демек жаңа жылдың қарсаңында 3 адамды өлтіріп, бір адамды ауруханың кереуетіне байлаған алматылық бизнесменнің де алар жазасы 5 жыл. Мұндағы жеңіл типтегі колониядағы 5 жыл «қазақшалап алғандағы ең қатаң жаза» болмақ. Бұл заң, оған қарсы қалай келесің дерсіздер. Бірақ сол заңдарды бекітіп отырған өзіміздің билік емес пе? Олар қашан шындықтың көзіне тура қарайды?!

Күлкілі ғой... БАҚ-та немесе фейсбукте ойыңды білдіресің де 10 жыл аласың, ал жол ережесін бұзып, жаппай адам өлтірсең, алатының 5 жыл!

Сонда ақиқатты айтқанша жолда адам өлтірген жақсырақ екен ғой...беретіндері аз.

Гүлжан Ерғалиеваның фейсбук парақшасынан аударылды

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір