• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:44:25
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Немістердің атадан балаға айтылатын ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті

« Неміс азаматының керегін тек Германия шығара алады».

Германияны экономикалық құлдыраудан құтқарып, аяғынан тік тұрғызған, ілгері дамытқан қандай құдірет? Амангелді Айталы өзінің «Ұлттану» атты еңбегінің 165-бетінде неміс-герман патриотизмінің он өсиетіне айрықша тоқталады. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін сол өсиеттермен бөліскенді жөн көрдік.
*************

1.Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.

3. Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.

4. Шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.

5. Дастарқаныңа шетелдің етін, майын, т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен мал шаруашылығына зиян келтіреді.

6. Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясын малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.

7. Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

8. Тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки.

9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш.
Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет.

10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде сақта: «Германия азаматының керегін тек Германия шығара алады».

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір