• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:23:25
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2019 NEWS

"Құдайдың сыйы". Үнді халқы бір көзді бұзауға табынып жүр (видео)

Үндістанның Батыс Бенгали аймағында Брадхман ауданында ерекше жаратылыс иесі туылды

Үндістанның Батыс Бенгали аймағында Брадхман ауданында ерекше жаратылыс иесі туылды, деп хабарлайды The sun басылымы.

Үндістанда бір көзді, мұрны жоқ ерекше бұзау туылған. Жергілікті тұрғындар болса оны «Құдайдың сыйы» деп оған табынып жүр. Тұрғындар бұл бұзауды сәттілік пен жақсылық алып келеді деп сенеді.

Бұзаудың бір үлкен көзі бар, ал мұрны мүлде жоқ. Белгілі болғанындай, бұзау өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан – циклопия. Әдетте, мұндай диагнозбен туылған жануарлар өлі туылады немесе  көп ұзамай өліп қалады.

Сиырдың ерекше бұзау туғанын естіген ел-жұрт әлемнің түкпір-түкпірінен оны көруге келе бастаған. Сиыр төлін емізбей қойғандықтан, бүгінде оған жергілікті тұрғындар қамқор болып жүр.

Үндістанда жануарлар, кейде, тіпті, адамдар генетикалық мутациямен туылып жатады, сондықтан бұл елде мұндай ерекше жаратылысқа жұрт аса таңдана бермейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір