• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

09 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Шетелге кетем...

Айтпағым осы кеткісі келетін қыз-жігіттерге...

Осындай ой менен ұзақ уақыт шықпай қойды. Жылдар бойы. Оннеше жыл күйзелісте жүрдім. Сыртым өтірік күлетін. Ой жеп қояды екен. Тіпті шашым ағарып кетті. Қылаяғы үйді "ремонттамай" қойдым. "Әкесс... қалатын дүние ғой" деп. Еңбекті құрметтейтін Германияға, адалдықты бағалайтын Финляндияға ма, я болмаса, талантты қадірлейтін Америкаға безіп кеткім келетін. Өзіммен өзім арпалысып жүрдім. Арпалысуымның себебі: Кетсем, ішімдегі ұлтшыл екінші мен «Қашып кеттің, сатқын екенсің, жеңілдің, әлсізсің!» дейді-ау. Бірінші интернационалист мен айтады: коммунистік-коррупциялық жүйені сен бұза алмайсың, мемлекеттік машинаның бір тетігі ғанасың, сыр берсең, ауыстыра салады, сенен басқа қосалқы бөлшектер өріп жүр, бұл қазақ адам болмайды, өзіңді, бала-шағаңды ойла, адамға жер шары ортақ, «Тек Қазақстан аумағында ғана тіршілік ет» деп саған құдай бұйырған жоқ... 
Кез келген саяси оқиға, мәлімдеменің аяғы қалай болатынын біліп тұрасың. Кез келген адаммен сөйлескен соң жарты сағаттан кейін сол адамға пәтуа шығарып тастайсың «Сен Асан, дүние-мүлік жинап, қарын құрышыңмен ойлап, ғұмырыңды осылай өткізесің, ал сен Үсен, ми құрышымен ойлап, өмір бойы осы жүйеде тозып өтесің...» деп...
Мына бір жындыбас кластасың жүр қай сұлуды қалай «неткенін» айтып мақтанып, ана бір сыйлайтын жігіт жүр «Адал өмір сүру аясы тарылып барады» деп түңіліп, енді бір курстасың жүр тендердің арқасында «Шешесс... осынша ақша жасадым» деп Тайландта демалып, ауылдасың жүр ғылымға беріліп, ипотекаға алатын үйдің алғашқы жарнасын да таба алмай... Ана жігіт уағыз айтып кетті, мына жігіт соны тыңдап жүр, ана жігіт теледидардан көрінгеніне мәз, мына жігіт сол теледидардағы жігіттің "служагы" болғанына мәз... Мән-мағынасыз өмір, әшейін...
Еуропа, АҚШ, жапон елін зерттедім. «Бұлар қалай дамып кетті?!» деп. Бір бірінің талантын, еңбегін, адалдығын бағалайды екен. Қарапайым ғана нәрсе. Бір -бірінен талап етеді екен. Айқайламай-ақ талап еткен. Орта ғасырда айқайлаған. Бір- бірін қырған. Сосын шаршаған соң, заңға бағынған. Заң бойынша ғана жүріп келеді. Заңға бағынбағанды дереу орнына қойып отырады. Ал біз болсақ, «Видеорегистраторға түсірілген бейнежазбаны бермейміз, «стукач» болмаймыз!» деп оттап жүрміз. 
Еуропа сөйтіп, шаршап-шалдығып осы өмірге жетті. Еңбекпен, талантпен, адал жолмен. Енді сол елге бір орыс барды эмигрант болып. Жұмыс тауып алғанша «пособие» алып жатыр. Тамақ тоқ, көйлек көк. Оның артынан украйн барды, саяси баспана сұрап. Берді. Ол да мәз. Жатыпішерлердің қатарын толтырды. Көшеде бір- біріне қарайды. Қарайды да, «Немістер қайда?» дейді. Немістер жұмыс істеп жүр. Көшеде қыдыруға уақыт жоқ. Тура Өскемен сияқты. Келгендер «қазақ көбейіп кетіпті ғой!»,-дейді. Қазақтар көшеде, базарда жүр қара көрcетіп. Орыстар «УМЗ», «Қазцинк», «Титан магний» комбинатының ішінде жүр жұмыс істеп.
Ғасырлар бойғы күресінің (еңбек, революция, эволюция, адал қызмет) нәтижесінде бүгінгі бақуатты тіршілікке жеткен Еуропаға жетіп барып, арамтамақ болуға намыс жібермейді екен. 
Неміс кемпір таяғына сүйеніп тұрып, соқталдай саған «Өз еліңді (үйіңді) жөндеуге шамаң, жігерің жетпеді ме?» десе, жер боласың ғой.
Сол. Айтпағым осы кеткісі келетін қыз-жігіттерге...

Айдос Жұқанұлының фейсбуктегі парақшасынан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір