• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

09 Қаңтар, 2019 NEWS

Елбасы: Сирияда тағдыр тауқыметін тартқан қазақстандықтардың көз жасын көрдік (видео)

Көпшілігі сол жердегі соғыстың кесірінен қайтыс болды.

Қазақстанның Сириядан әйелдер мен балаларды елге қайтаруға қатысты гуманитарлық операциясы сәтті аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

"Менің тікелей тапсырмам арқылы 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен ҚР СІМ-мен бірге үлкен гуманитарлық операция сәтті аяқталды. Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала Қазақстанға қайтарылды. Оларды түрлі жағдаймен алдап, дағдарыс болып жатқан Сирияға алып кеткен. Бұл жөнінде бұрын да айтқан болатынбыз. Көпшілігі сол жердегі соғыстың кесірінен қайтыс болды. Біз бірнеше достық қарым-қатынастағы мемлекеттер арқылы кепілге алынған қазақстандықтарды ұшақпен алып келдік. Олардың медициналық көмек алуына біз қолдау көрсететін боламыз. Тағдыр тауқыметін тартқан қазақстандықтардың қуанышында шек жоқ. Олардың қуанышты көз жасын көрдік. Бұл оларға да, басқа қазақстандықтарға да сабақ болады деп ойлаймын. Біз қазақстандықтар қай жерде жүрсе де қолдау білдіретінін көрсетіп отырмыз. Мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етіп, бейбітшілікті сақтау басты міндет. Сондықтан қақтығыс аймағында еріксіз жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстарын біз жалғастыратын боламыз", - деді Елбасы өз мәлімдемесінде. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір