• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

09 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Әлия Садырбаева: "768 теңгеге байыдым"

Бұл соманы енді қайда жұмсарымды білмей дал болып отырмын.

Бүгін 2019 жылдың алғашқы пайызы өскен жәрдемақыны алдым. Көпбалалы анамын ғой. Бұрынырақта жірдемақы мөлшері 15 392 теңге, ал енді 16 160 теңге болды. 768 теңгеге байыдым.

Өз толғанысымды жеткізе алмаймын. Үкіметке деген ризашылығымды да білдіре алмаймын. Халық қалауларына «қамқорлықтары» үшін алғыс айтқым келеді. Бұл соманы енді қайда жұмсарымды білмей дал болып отырмын.

Сіз бен біздің өмірімді жарқын етуге, жеңілдету күш-жігерін, ақылын сарп етіп жатқан депутаттар мен министрлердің миллиондаған айлықтары қайда кетіп жатқанын елестетуге қорқамын.

Соған қарағанда қайырымдылықтарын жария етпейтін сияқты...

Әлия Садырбаеваның фейсбук парақшасынан

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Альжанова Данагул 10 Қаңтар, 2019

2018 нын марттын 28 4 балам дуниеге келды.мены коп балалы анага жаткызбады? Неге не ушын? Сонда 10000 ды гана кызгандыма ?! енды биыл 2019 га косылдыкпа?