• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 NEWS

«Túrkistan» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Túrkistan» - 1994 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын белді халықаралық газет

«НҰР-Медиа» Холдингінің құрамына кіретін «Túrkistan» халықаралық газетінің ұжымына жаңа бас редактор таныстырылды.

Бұл қызметке бұған дейін бірқатар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық еткен 33 жастағы Қуат Әуесбай тағайындалды. Еңбек жолын «Ана тілі», «Айқын» газеттерінен бастаған ол, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің, сондай-ақ, латын графикасында шыққан тұңғыш республикалық "TIL-QAZYNA" ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

«Túrkistan» - 1994 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын белді халықаралық газет. Апталық жазылу арқылы Қазақстан аумағында, Ресей Федерациясында және Қырғызстанда таралады. Басылымның онлайн нұсқасы www.turkystan.kz кириллица, латын және араб қаріптерінде жұмыс істейді.

Сонымен бірге «НҰР-Медиа» Холдингіне «Астана» телеарнасы, «NS» радиосы, «Оrda FM» радиосы, «Айқын», «Литер» республикалық газеттері және «Қазақстан Теміржолшысы» салалық басылымы кіреді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір