• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 Саясат

Дэвид Петреус, ЦРУ-дің бұрынғы басшысы: Путин – НАТО үшін №1 сыйлық

Еуропа мен АҚШ-тың және НАТО ұйымының Ресейден сескенетіндей жөні бар.

 

НАТО ұйымына да қарсылас, бәсекелес керек. Ол әрине, ең алдымен – Ресей. Ресейсіз НАТО-ға қиын. Өйткені қазір әлемде  Солтүстік альянсқа қарсы тұрар күш жоқ. Сондықтан да НАТО-ның айқасар қарсыласы тек қана Ресей мемлекеті болып тұр.  

ЦРУ-дің бұрынғы басшысы Дэвид Петреустің ойынша, «қырғи-қабақ соғыстан» кейін жағдай тұрақталды. Кеңес Одағы құлады. Бірақ кешегі күнге дейін НАТО-ның қалай болмағы да үлкен мәселе болып тұрды. Өйткені ССРО келмеске кеткеннен кейін бұрынғыдай саяси жағдай шиеленісіп, текетірес өршіген жоқ. Тек кейінгі жылдары ғана әлемдік ара салмақ қайтадан бөлініске түсе бастады. Оған басты себеп – Ресей».

Дэвид Петреустің сөзіне сенсек, «қазір анығын айтқанда, НАТО ұйымына негізінен АҚШ үлкен көмек көрсетіп отыр. Қаржылық жағынан қолдау көрсетіп отырған да – солар. Бірақ Дональд Трамп Ресей лидеріне келгенде әлі де жұмсақтық танытуда. Олай етуге болмайды. Қазір әлемге жан-жақтан қауіп төніп жатыр. Қытай, Ресей және ислам экстремистерінің қатері де күшейе түсуде».

Дерекке жүгінер болсақ, 2012 жылы Пол  Бродвелл Орталық барлау қызметінің басшысы Дэвид Петреустен заңсыз бала тапқанын мәлім еткеннен кейін ол қызметінен кеткені белгілі.

ЦРУ-дің бұрынғы басшысының «Путин НАТО үшін №1 сыйлық болды» деп отырғаны бекер емес. 1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін ЦРУ әскери бәсекелестікпен емес, экономикалық барлау қызметімен айналысыа кетті. Ал қазір НАТО ұйымына мүше елдер үшін №1 жау Ресей болып отыр.

Расында да АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылдың қараша айында сөйлеген сөзінде «НАТО әскери ұйымына мүше елдер бөлінетін қаржыны тағы да арттырып, төрт пайызға жеткізу керек» деп мәлімдеме жасағаны белгілі.  Қазір әр елдің әскери ұйымға берілетін қаржысы 2 пайыз шамасында ғана екенін айта кеткен жөн.

Еуропа мен АҚШ-тың және НАТО ұйымының Ресейден сескенетіндей жөні бар. Бұл үрей  әсіресе, Ресейдің Қырымды аннекциялауы мен Донбасс аумағына   әскер кіргізуінен кейін арта түсті. АҚШ-тың Еуропадағы құрлық әскерлерінің басшысы генерал-лейтенант Фредерик Бен Ходжес «Кремль НАТО-ның арасына іріткі салып, ұйымды әскери қимылсыз-ақ жойғысы келеді», –деп мәлімдегені бар...

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Бердіхан 26 Маусым, 2019

Зейнеткерлер ұмытылып қалған ба, әлде олардың зейнетақысы парламент депутаттарымен бірдей деп есептей ме Президент пен Үкімет????!!!???

Төлеген 26 Маусым, 2019

Кедейлік деңгейін көтеру дегенді қалай түсінеміз