• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 Тарих

Құлды оятқан қамшы

Қамшының суылдаған ысылын естіген құлтұқымдылар шайқасты ұмытып, қарадай есі шығып майданды тастап қаша жөнеліпті.

Көне грек тарихшысы Геродот жазып кеткен сақтар туралы (скифтер) аңызда қамшы туралы қызық дерек бар. Елу жыл бойы Еуропаны шарлап, жорықта жүрген сақ жауынгерлері күндердің күнінде еліне қайтады. Ұзақ жыл ерлерін күтіп хабар болмаған соң, әйелдері өздерінің құлдарына тиіп, олардан бала туады. Сақ жауынгерлері елдің шетіне жеткенде құлдан туған ұлдар қолдарына қару ұстап шығып, батырларды елге кіргізбей соғыс салады. Айқас ұзаққа созылып, құлдарды жеңе алмаған сақтар кеңес құрады. Сонда бір данагөй қария: «Ей, сақ жауынгерлері, осы біз не істеп жүрміз? Қараңдаршы, өз құлдарымызбен соғысып жеңе алмадық. Өйткені, біз қарумен соғысқандықтан олар өздерін тең санап, жеңістік бермей жүр. Бар қару-жарақтарыңызды тастап, оларға қамшы алып шығыңдар. Олар қамшының суылын естіп, өздерінің қанындағы құлдық қасірет есіне түсірсін» — депті.

Сақтар бұл кеңесті мақұл көріп, қамшымен құлдарға қарсы шығады. Қамшының суылдаған ысылын естіген құлтұқымдылар шайқасты ұмытып, қарадай есі шығып, майданды тастап қаша жөнеліпті. Сөйтіп, сақтар қамшы арқылы құлдардың геніне сіңген үрейді оятқан-мыс.

Бекен Қайратұлының Facebook-тегі парақшасынан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір