• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 NEWS

Екі мыңнан астам қазақ Қытайдан елге оралуға рұқсат алды

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады

Қазақстан билігінің мәлімдеуінше, Пекин екі мыңнан астам этникалық қазаққа Қытай азаматтығынан бас тартып, Шыңжаңнан көшуге рұқсат берген. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Мұның алдында Шыңжаң билігі жаппай индоктринация науқанын жүргізіп, мыңдаған адамды оқшаулаған. Олар отырған лагерлерді Пекин "кәсіби оқыту орталықтары" деп атады. Мұнда жүздеген мың, кейбір мәліметтер бойынша, миллионнан астам адам орналастырылған.

Лагерьде отырып шыққандар оларды өз мәдениетінен, діни көзқарасынан бас тартуға үгіттеп, саяси индоктринация жүргізгенін айтты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 9 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде Пекин екі мың этникалық қазаққа көшуге рұқсат бергенін растады. СІМ мәлімдемесінде Қазақстанға келген олар Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бере алатыны айтылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір