• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

10 Қаңтар, 2019 Саясат

Ирина Фарион: Орыс тілі– оккупанттар тілі!

Егер бұл қадамға көнбейтін болса, онда Украинадан кетсін!

Украинаның радикалды «Азаттық» партиясының белсенді мүшесі Ирина Фарион Донбасс аумағын орыстардан тазартуға шақырды.

–Бұл этникалық соғыс. Бұл – мәскеуліктер мен украиндардың соғысы. Сондықтан біз Донбасс аумағынан орыстарды қуып шығуымыз керек,–деп мәлімдеді ол.

Қашан да өзінің радикалды көзқарасымен жұрттың есінде қалған Ирина Фарион Украинада басқа тілдің үстемдік алуына жол бермеуге шақырды. Кездесуде жұртшылық Иринаға "орыс тілінде сөйлейтін украиндықтарға не істей аламыз?" деп сауал қойған.

–Егер қандай да бір адам көшеде осындай мәселені көтеретін болса, онда қарап тұруға болмайды. Аяғыңдағы туфлиді шешіп ал да, бетіне ұр. Ондайлармен сөз таластырып, бет жыртысып қажеті жоқ. Орыс тілін Украинада үстем еткісі келетіндерге мүмкіндік беруге болмайды. Оларды  Украинаның жоғары оқу орнына түсірудің де қажеті жоқ. Тіпті жұмысқа орналасуға тыйым салу керек. Бітті! Егер бұл қадамға көнбейтін болса, онда Украинадан кетсін және олар біздің елге қайтып оралмасын! Сонда ғана біз бір ұлтты мемлекетке айналамыз. Орыс тілі– окккупанттардың тілі! Біз Донецк мен Луганскіге жауларымызды өлтіру үшін ғана баруымыз керек.  Орыстар біздің елімізге басып кірді. Олар–соғыстың авторы. Солардың әрекетінен шығыста 11 мың адам опат болды», –деді ол жұртшылықпен кездесуде.

Украинаның ұлтшылдар ұйымының белсенді мүшесі Ирина Фарион Степан Бандераның туған күнін қасиетті күн деп санайды.  Оны  жұртшылық «Киев хунтасының фуриясы» (бетпақ әйел-ред) деп те атайды екен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір