• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:13:24
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019 Аймақтар

«NURINTECH» байқауының жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден берілді

«Нұр Отан» партиясының жас өнертапқыштар арасындағы республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының жас өнертапқыштар арасындағы республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аталған байқаудың Елбасы тікелей тапсырмасымен қолға алынған жоба екенін айтты. Оның басты мақсаты – талантты, болашағынан үміт күттіретін, ғылым мен инновацияда тың идеяларды қолға алып, жұмыс істеп жүрген жастарымызды қолдау, оларға өз бастамаларын табысты жүзеге асыруға жағдай туғызу.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев мұндай бастамалардың еліміз үшін берері мол екенін айтты.

– Бүгінде елімізде Елбасымыздың бастамасымен Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жүзеге асырылып жатыр. Бұл кешенді бағдарламаның негізінде еліміздің технологиялық, инновациялық және үдемелі дамуы көзделген. Технологиялық дамудың негізгі кілті ғылыми жаңалықтар мен инновация екені сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда осы бағыттағы бастамаларды, стартаптарды, ғылыми және ІТ-жобаларды қолдаудың маңызы зор, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Нұр Отан

Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев жастарға өз күштеріне сеніп, ойлары мен идеяларын жүзеге асыру жолында табандылық танытып, арманына жету үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.

– Біз қазір Google, Amazon, Apple, Microsoft, Tesla, Alibaba сияқты ірі инновациялық компаниялардың өнімдерін қолданамыз. Олар да арман мен мақсаттардың және табанды еңбек пен қажыр-қайраттың жемісі. Олардың негізін қалаушылар қолдарында мүмкіндік болмаса да өз жобаларының жеміс беретініне сеніп, еңбектене білді. Сондықтан бүгінгідей табысқа жетіп отыр. Сол себепті сіздер де өз мүмкіндіктеріңізге сеніп, жұмыс істеулеріңіз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Нұр Отан

Биыл қатарынан үшінші рет ұйымдастырылған байқауға 1000-нан астам жұмыс келіп түскен. Нәтижесінде үш аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олардың әрқайсысына қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, 1-орын алған жас ғалымдарға 1 миллион теңге сыйақы тағайындалса, 2-орын иегерлеріне – 500 мың, 3-орын алған өнертапқыштарға 250 мың теңгеден берілді. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір