• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:18:27
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019 Әлем

Гитлердің орынбасарына деген құпия сезімі

Ол гомосексуалист, гетеросуксуал, сонымен қатар социалист, ұлтшыл, ер адам әрі әйел адам.

(суретте Адольф Гитлер мен орынбасары Рудольф Гесс)

Саясаткер, оратор Адольф Гитлер гомосексуал әрі гетеросексуал болған. Бұл туралы 1943 жылы антрополог Генри Филд дайындаған баяндамада жазылған. Баяндама бүгінде орталық барлау агенттігінде жатқан көрінеді. Гитлерге қатысты құпия деректерді британдық Daily Mail басылымы жазды. Баяндамадағы деректерге сәйкес:

-Гитлер тек «гомосексуал ғана емес, сонымен қатар гетеросексуал» болған.

 -1943 жылғы есепте Гитлердің 1910-1913 жылдары өмір сүрген Вена хостелі жайлы да айтылған.

-Аталмыш хостел ер адамдар рахатын қандыру үшін баратын мекеме болған екен.

-Сонымен қатар, Гитлер орынбасары Рудольф Гесске де сексуалдық әрекет көрсеткен.

Адольф Гитлердің гомосексуализмге қатысы болғандығы жайлы баяндама екінші дүниежүзілік соғыс уақытында АҚШ президенті Франклин Д.Рузвельт үшін дайындалды. Тақырыбы – Гитлер «қандай гомосексуалист болса, сондай гетеросексуалист».

Ал орынбасары Рудольф Гесске деген сексуалдық әрекеті жайлы баяндаманың 70-бетінде жазылған. Бұдан бөлек баяндамада Гитлердің өзге де қасиеттері, өмірлік ұстанымдары: балалық шағы, білімі, жеген тамағы, тыңдаған әндері, сөйлеген сөзі, сөйлеу техникасы – бәрі-бәрі қамтылған. Сонымен қатар Гитлердің сексуалдық бейімділігі мен 1920 жылдардың басындағы Австриядағы өз нанын табу үшін қара жұмысқа жегілген күндері жайлы да білуге болады.

Гитлердің Венадағы ерлер жатақханасында тұрғаны жайлы бұдан бұрын да белгілі болған. Жұмыссыз Гитлер алғашында суретші болуды ұйғарды. Әкесінің мұрасын алған соң жатақханадан шығып, Германияға ауысады.

Баяндамадағы дерекке сәйкес, Гитлер үш жыл өмір сүрген «Гей-хостел» - егде ер кісілердің жас жігіттерге гомосексуалдық әрекет көрсету үшін баратын арнайы орны. Стратегиялық қызмет басқармасының баяндамасы да осы анықтаманы растайды.

Гитлердің жыныстық тәуелділігі жайлы ақпаратты алғашқы болып жайып салған Эрнст Седжвик Ганфштенгль. Ол – 1920-1930 жылдары Гитлердің жақын досы әрі оң қолы болған. Алайда Гитлердің қаһарына ұшыраған соң Ұлыбританияға қашып, кейін АҚШ-қа президент Рузвельттің қол астына жұмыс істеуге барады.

Баяндамада мәлімделгендей, Гитлердің орынбасары фюрер Гесске деген құмарлығы шектен тыс болған. Тіпті онымен жүргенде айналасында ешкімді көрместей еді. Құмарлығы қатты болғаны соншалық Гитлер мерекелік балдарға Гесспен бірге барған екен. Бір қызығы, Гесс әйелдің киімін киіп алып, «Фрейлан Анна» деген есіммен жүрген.

Тағы бір дерек, Ганфштенгль Гитлерді садомазохист ретінде де көрсетті. Садомазохист – серіктесімен қарым-қатынаста өзіне немесе серіктесіне физикалық я моральдық қысым көрсету.

Баяндамасын аяқтай отырып, Филд былай деп жазады: «Оның сексуалдық өмірі саяси көзқарасы секілді мықты болды. Ол гомосексуалист, гетеросуксуал, сонымен қатар социалист, ұлтшыл, ер адам әрі әйел адам».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір