• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:35:17
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 NEWS

"Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті"

Оның айтуынша, шетелдік алдап-арбаушылар біздің азаматтарымызды Интернет арқылы тарта бастаған.

Рахымбердиев ұрыс алаңдарында ешқандай әділдік жоқ екенін, ол жақта мұсылман мұсылманның қанын төгіп жатқанын айтты.  Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

Оның айтуынша, шетелдік алдап-арбаушылар біздің азаматтарымызды интернет арқылы тарта бастаған.

"Бұл насихат әлеуметтік желілерде жүргізілді. Олар ондағы жұмақ өмір жайлы баяндайды. Адамдарды онда бәрі әділетті, барлық діни қағидалар сақталады деп қызықтырған ", — деді Рахымбердиев.

Ол қазір ұрыс алаңдарында – Сирия, Ирак және Ауғанстанда 380-ге тарта қазақстандық бар екенін атап өтті. 

"Көбісі – әйелдер, олармен бірге 400-500 бала тұрып жатыр. Олар онда жағдай мүлде олай емес екеніне көз жеткізді, ешқандай әділдік жоқ. Ол жақта мұсылман мұсылманмен, бір топ екіншісімен соғысып жатыр", — деп толықтырды Бақытбек Рахымбердиев.

Департамент басшысының айтуынша, ол жаққа бір барған соң, қайта шығуға мүмкіндік жоқ.

"Ондай қадамға барғаны үшін ажал құшуы да мүмкін. Біздің бірнеше азаматымыз қашқаны үшін өлім жазасына кесілді деген мәлімет бар", — деп түйіндеді Рахымбердиев.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір