• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Қаңтар, 2019 Ғылым-білім

ҰБТ- ға 20 жыл: 4 күннен кейін түлектер 2242 теңге төлеп, тест тапсыруды бастайды

Алғаш енгізілгеніне 20 жыл болған білім сынағы 2019 жылы ҰБТ 16-шы рет өткізіледі. Осы жылдар ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн астам мектеп бітіруші қатысқан.

2019 жылдан бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында төрт мәрте өткізілетін болды. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ҰБТ-ның жалпы форматы өзгермейді. Қаңтар, наурыз және тамыздағы тест жоғарғы оқу орындарына ақылы бөлімге түсетін түлектер үшін өткізілмек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар маусым айында да тапсыра алады және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.
Талапкер ҰБТ -ны өзіне ыңғайлы кез-келген пунктте тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген, тиісті мерзімде өтініш беруі қажет.

Еске сала кетейік, 2018 жылдан бастап әр түлекке ҰБТ сертификатымен бірге, білім беру бағдарламаларының тізімі, бөлінген гранттардың саны, сондай-ақ, өткен жылғы гранттар конкурсының нәтижелері жазылған ақпараттық парақша беріледі. Аталған ақпараттық парақша түлекке өзінің болашақ мамандығын таңдау кезінде үлкен көмегін тигізеді. 

Ескерте кетейік, ҰБТ алғаш рет 1999 жылы енгізілді. 2017 жылға дейін ҰБТ үш функцияны атқарды: 11 жылдық оқуды аяқтау қорытындысы ретіндегі бітіру емтиханы, жоғары оқу орындарына түсу емтиханы және түлектерге мемлекеттік гранттарды тағайындау механизмі. Енді қорытынды аттестаттау немесе бітіру емтихандары мектептерде өткізіледі, ал ҰБТ – жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тағайындау емтиханы болып қалып отыр. ҰБТ бір кезеңнен тұрады және 140 балдық межемен бағаланады. Оқушылар бір күнде үш міндетті пәннен (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) — әрқайсысында 20 тапсырмадан және екі бейінді пәннен — әрқайсысында 30 тапсырмадан тест тапсырады. Алғаш енгізілгеніне 20 жыл болған білім сынағы 2019 жылы 16-рет өткізіледі. Осы жылдар ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн астам мектеп бітіруші қатысты. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80%-ын құрайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір