• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:05:37
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019

Америкалық вокалист: Димаштың талантын "табиғаттың сыйы" деп бағалауға болмайды (видео)

10 жылдың ішінде менің алдымнан өткен көптеген шәкірттер болды. Олардың ішінде тіпті бірде-біреуі 5 октаваны да игере алмаған еді.

Димаш ерекше үнімен әлемді өзіне қаратқаны белгілі. Димаштың жанкүйерлері оның қарапайымдылығы мен тәрбиелілігін де жоғары бағалайды. Ал оның дауысы туралы шетелдік тыңдармандармен бірге, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар да пікір білдіріп, таңғалысын жасыра алмады. Осыған дейін танымал компазитор Игорь Крутой "Димаштың дауысында тылсым күш бар", — деп пікір білдірген белгілі. Кейін араға біраз уақыт салып шетелдік мамандар да Димаштың даусын зерттей бастады. Олардың қатарында АҚШ-та вокалдан сабақ беретін мұғалім, кәсіби маман Мэри Циммер де бар. Ол өзінің Youtube желісінде "Димаштың ерекше даусының құдыреті неде екенін айтты" деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

♦Димаш Олимпийскийді аузына қаратты (видео)

Циммер Youtube арнасында талантты әншілердің вокалдық қабілеті туралы пікір білдірді. Ол осыған дейін Димаштың шығармашылығымен таныс болмаған. Көптеген көрермендердің сұрауынан кейін  ғана Димаштың шығармашылығын зерттей бастаған. Димаштың шығармашылығы Циммер үшін нағыз жаңалық болды.

"Димаш диапазонының кеңдігімен қатар, сөзбен айтып жеткізуге келмейтін ерекше үнімен әлемді таңғалдырды. Оның адам сенгісіз қасиеті де осында. Сондай-ақ ән айту барысында Димаш неше түрлі орындау стилін біріктіріп, үйлестіре алатын кәсіби шеберлікке ие",— деді Қытайда өткен "I am a Singer" шоуындағы Димаштың өнерін көрген Циммер.

♦Атақты "Титаникті" орындаған Димаш сахнаны жарды (видео)

Блогер Димаштың ерекше үні туралы таңғалысын жалғастырды. Димаштың ең жоғары нотасы D8 (ре нотасы сегізінші октава) болса, ал төменгісі екінші октавалы си нотасы екенін айтты. Нақтырақ айтқанда, қазақ әншісі 6 октавалық аралықты игеріп, ән айта алатынын айтқан блогер өз таңданысын жасыра алмады. 

"10 жылдың ішінде менің алдымнан өткен көптеген шәкірттер болды. Олардың бірде-біреуі 5 октаваны да игере алмаған еді. Тіпті танымал, кәсіби әншілердің өзі 2-3 октавалы әндерді ғана айтуға шама-шарқы жетеді. Мәселен, менікі көптеген әйелдерге тән келмейтін төменгі нотадан бастау алатын 3 октавалы дауыс",— дейді Циммер.

♦Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)

"Димаш теңдесі жоқ талантты әнші. Себебі, оның даусы не тенор, не баритон, не сопрано емес. Ол мұның кез келгенін айтуға қауқары жетеді. Негізінде адам неғұрлым жоғары ноталарды айта алатын болса, оның дауысының жиілігі соғұрлым төмен болады. Осыған қатысты үш негізгі параметрі бар: жіңішкелік, ұзындық және кеңдік.
Димаш адам сенгісіз вокалдық қабілетке ие. Оның даусы жіңішке әрі кең. Ол сонысымен де ерекшеленеді.
Сондай-ақ Димаштың талантын жай ғана табиғаттың берген сыйы деп қабылдауға болмайды. Ол ұзақ жыл бойы классикалық жағынан да, заманауилық тұрғыдан да сабақ алған. Бұл бірнеше жылдық оқу мен еңбектің жемісі. Сен талантты болып дүниеге келуің мүмкін, алайда еңбексіз ешқандай нәтижеге жете алмайсың, Өз даусын Димаш секілді бақылау үшін өте еңбекқор болу қажет. Ал біз тек қана оның талмай еңбектенгенін, төккен терінің нәтижесін бақылап, сүйсініп отыра аламыз",— деп сөзін аяқтады Мэри Циммер.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір