• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:59:14
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Макс Боқаевтан сәлем...

Белсенді Талғат Аян Facebook-тегі парақшасында түрмеде отырған Макс Боқаевтың сәлемін жариялады.

Белсенді Талғат Аян Facebook-тегі парақшасында түрмеде отырған Макс Боқаевтың сәлемін жариялады. 

"Жақында түрмеден босап шыққан бiр жiгiт хабарласты, Макспен бiр жасақта болыпты, сәлемiн жеткiздi. Жақын досыңмен сөйлескендей болып қалады екенсiң. Қал-жағдайы жаман емес дейдi, телевизор көрмейдi екен, кiтап пен газет оқиды, радиодан жаңалық тыңдайды, басқа сотталғандарға заңдық кеңестермен көмектеседi. Осылай Макстiң түрмедегi уақыты өтіп жатыр. Ешбір адамға зияны тимеген Макстiң отырғанына үш жылға толуға жақын. Ұмытпайық, ағайын!" - деп жазды Талғат Аян. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы 25 желтоқсанда Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі  игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттаған болатын. Марапатталғандардың қатарында бүгінде түрмеде жатқан қоғам белсендісі Макс Боқаев та болды. Алайда марапаттау кешіне Боқаевтың медалін алуға анасы Рахила Қожасова келді. 

♦Алаштың ғасырлық тойында Алаш арыстарының ізбасарлары марапатталды (фото)

"Қамшы" порталының бастамасына риза болған ана өз ұлының ауыз толтырып айтарлықтай батырлық жасамағанын, тек өзінің азаматтық борышын өтегенін айтқан еді.

"Қазіргі жастардың бәрі білімді, саналы. Тек сол жастарды жетелеп, бағыт-бағдар көрсететін үлкен буын қажет. Көбінесе біз жастарды сынап жатамыз, алайда жастар жаман болса да, біз оларды өз баламыздай көруіміз керек. Менің ұлым Макс Боқаев 2016 жылы 23 сәуірде бейбіт митингке шығып, «Жерді сатпайық, жерді шетелдіктерге бермейік» деген сөзі үшін 5 жылға сотталып, түрмеде отыр", — деді Рахила Қожасова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір