• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

12 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Министр: Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды

Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды.

Шетелдегі қандастарымыз қазақстандық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасы арқылы хабарлады. 

"Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы аясында, біздің министрлікке нақты тапсырма берген Елбасы: «шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесу керек», - деген болатын. Яғни шетелдегі ағайынды отандық ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті алға қойылды. 
Жақында ғана «Хабар 24» пен «Kazak tv» арналары Ресейде хабар тарату лицензиясына қол жеткізді. Көрші елдің теленарығына ресми тіркелу үшін қажетті техникалық және құжаттық талаптардың қыруар шаруасы атқарылды. Бірнеше айға созылған, көптеген келіссөздердің нәтежиесінде біз Ресей Федерациясының кабельдік операторымен бір мәмілеге келдік. «Хабар» агенттігінің ұжымына, осындай ауқымды істі жүзеге асырғандары үшін алғыс айтқым келеді. 
Шекаралас аймақтарды мекендейтін қандастарымыз, біраз уақыттан бері біздің министрлікке хат жолдап, ел жаңалықтарын көргілері келетінін жеткізіп еді. Алыстағы ағайынның өтініші де орындалып отыр.
Тағы бір айта кетерлік жаңалық. Қазір «Хабар» агенттігі түсірген «Ана жүрегі» атты телехикая Өзбекстанның белгілі арналарының бірінде көрсетіліп жатыр. Өзбек телекомпаниясының өкілдері сериалдың жергілікті көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырғанын айтады.  Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса береді",— дейді Дәурен Абаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір