• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:27:37
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2019 NEWS

Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу жиыны өтті

Оның туған күніне орай Қонаев музейі ұйымдастырған шараға жүзге жуық адам қатысып, Серікболсын Әбділдин, Шәңгерей Жәнібеков...

Бүгін, қаңтардың 12-сі Алматыда совет заманында Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. Оның туған күніне орай Қонаев музейі ұйымдастырған шараға жүзге жуық адам қатысып, Серікболсын Әбділдин, Шәңгерей Жәнібеков секілді Қазақстанды Қонаев басқарған кезде жоғары қызметтерде болғандар келді.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының орынбасары Қайрат Тарбаев Алматы әкімдігінің өкілі ретінде жиынға қатысқан.

Дінмұхамед Қонаев

Бүгінгі жиынға келгендердің бір шоғыры алдымен Кеңсай зиратындағы Қонаев қабіріне барған. Гүл қою рәсімінен кейін Қонаев тұрған пәтерде естелік фильм көрсетіледі, - деді Елена Құбашева Азаттық тілшісіне.

Дінмұхамед Қонаев советтік Қазақстан билігінде ширек ғасыр қызмет етті. 1960-1986 жылдар аралығында Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін қысымға алынып, көпшілікпен араласуына біршама шектеу қойылды.

1987 жылы маусым айында «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген айыппен Қазақстан компартиясының орталық комитетіне мүшеліктен шығарылды.

Дінмұхамед Қонаев өмірінің соңына қарай халықпен еркін араласты, «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп аталатын естелік жинақтар қалдырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір