• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 17:23:24
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қаңтар, 2019 NEWS

Қарағандыда тағы да адам өлімі: Инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты

Бұл жайында ҚР АШМ орман шаруашылығы комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады

Қылмыс үстінде ұсталған браконьерлер инспекторды өлтірген. Бұл жайында ҚР АШМ орман шаруашылығы комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Инспекторлар 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының Нурин ауданына рейд жасауға шыққан. Сол жерде атылған 5 киіктің денесін тауып алған. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті көрген, олардың нөмірлері тіркелмеген екен.

«Көлікті тінту барысында оларға белгісіз біреулер қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, ал екінші инспектор бас-сүйек жарақатын алып, біршама уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Алайда, дәрігерлер екінші инспектордың өмірін сақтап қала алмады. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының тобы тергеу ісін жүргізетін болады», - дейді баспасөз-хатшысы.

Айта кетейік, аталмыш оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді қолға түсіру жұмыстары жүргізілуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір