• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:22:39
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019

Әлем сұлуларын жанына жинаған Димаш не деп әзілдеді? (видео)

Әлеуметтік желіде таралып кеткен фотоларда да Димашты жеп қоюға дайын тұрған сұлуларды көреміз.

Қаңтардың 12 күні Қытайдың Сиань қаласында «Бір белбеу – бір жол» стратегиясының аясында халықаралық сән апталығы өткені белгілі. Арнайы қонақ болып шақырылған біздің Димаш Құдайберген әлем сұлуларын жанына жинап, қатарынан екі әнді құйқылжыта орындап шықты. Ұлықпан Жолдасовтың арманы жоқ шығар, себебі бірінші болып шырқалған ән қытай тілінде болғанымен, әуенін жазған Димаштың өкіл әкесі Жолдасовтың өзі болып шықты. 10 минутқа созылған өнер көрсету барысында қыз-қырқынның көзі қызылда емес, Димашта болды.

Әлеуметтік желіде таралып кеткен фотоларда да Димашты жеп қоюға дайын тұрған сұлуларды көреміз. Біріншісі сәтті шырқалып, қыздар күміс күлкілерін тыя алмай, мәре-сәре болып тұрғанда кеш жүргізушілері сахнаға шығып, Димашты кішігірім әңгімеге тартты. «Қандай сезімдесіз?» деген сұраққа «Кез келген ер адам менің орнымда болуын іштей армандап отырған шығар. Өз басым толқығаным соншалық, әннің сөзін ұмытып қаламын ба шошыдым» деп әзілдеді. Кез келген ситуацияда өзінің қаншалықты тәрбиелі және ұстанымы мықты екендігін дәлелдей білетін Димаштың қалжыңына көрермен риза болып, ду қол шапалақтады. Содан соң Димаш айғайға басты. Жо-жоқ, тікелей мағынада емес. Екінші әнінің атауы – «Screaming», яғни қазақша аудармасы - «Айқай».

Зал «Димаши» деп айғайлағанымен, біздің Димаш махаббат жайлы асықпай-саспай, әр қадамын абайлап басып, әлем сұлуларын шыр айналдыра билете отырып орындап шықты. Қыздар, қалың көрермен шын таланттың даусы мен орындау шеберлігі, сахнада өзін ұстау мәдениеті мен сымбатына тамсанып, бастары айналғанымен, Димаш сабырлы қалпынан таймады. Ресейге арнайы барып өнер көрсеткенде микрофоны істемей қалғанын жанкүйерлері жақсы біледі.

♦ Димаш Олимпийскийді аузына қаратты (видео)

Сонда да Димаш кеш ұйымдастырушылары тіс жарып, шағым айтпаған болатын. Ән айтып болғаннан кейін Димашқа гүл шоқтарын әкелген жанкүйерлер-тыңдармандарын «құлдарға» теңеген ресейлік жүргізушілерге мән бермей, dears-тарға (Димаштың жанкүйерлер тобы-ред.) шексіз алғысын айтып, күліп қоштасқан, шын мәнісінде осындай ұйымдастырылу деңгейінен зәразап болған Димашты Қытай әдеттегідей жоғары деңгейде қарсы алды. Талантқа лайықты құрмет көрсетті. Ал, біз жүрміз Димашқа «Мәдениет қайраткерін» әлі бермей. Бұл бірақ басқа әңгімеге арқау болсын...

♦Фанаттардың шынайы оқиғалары. "Димаш болмағанда, қараңғы қабірде жатар едім"

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір